Аймақтар • 26 Шілде, 2019

Алматылық 15 мың оқушыға көмек көрсетіледі

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл 15 мыңнан астам алматылық оқушыға «Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсетіледі. Олардың қатарында жетім балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары бар.

Алматылық 15 мың оқушыға көмек көрсетіледі

Қайырымдылық үшін қалалық бюджеттен 260 миллион теңге бөлінген. Бұл қаржы мектеп формасы, оқулықтар мен оқу құралдарын сатып алуға жұмсалады. Дәстүрге айналған  қайырымдылық жоба осымен 12-рет өткізіліп отыр.

«Былтыр осы акция бойынша 14 мың 250 балаға көмек көрсетілді.  Оған жалпы сомасы 141 млн 328 теңге жұмсалды. Оның 66 млн 635 мың теңгесі біздің жаппай оқуға қамту қорынан бөлінсе, 74 млн 693 мың теңге қайырымдылық көрсеткен азаматтар мен мекемелердің есебінен болды», – дейді Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Гүлнар Қожабергенова.