30 Мамыр, 2013

Бадамның болашағы әлі алда

264 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бадамның болашағы әлі алда

Бейсенбі, 30 мамыр 2013 2:06

Бір кездері буырқанып, көктем, күз айларында арнасынан асып, елді әжептеуір әбігерге салатын Бадам өзені бүгінде жыламсырап ағып жатыр. Бәлкім, көзін ашып, бойын жиі тазартпағаннан шығар. Бір жаманы, Шымкенттегі ірі зауыттардың барлығы дерлік кезінде өзендердің бойынан салынып кеткен. Үш тасты қалап, от жақсаң, үш күрек күл шығады. Ал, алып өндіріс ошағы талай жылдар бойы күніне қаншама күл-қоқыс шығарып, оның бәрі осы өзен арнасымен ағып, бұлақ көзінің бәрін бекітіп тастағаны рас.

Міне, осы мәселе облыс әкімі Асқар Мырзах­метовті қатты толғандырса керек. Жақында Шымкент қаласындағы Бадам өзенінің жағалауын көріктендіру жұмыстарының алғашқы кезеңі басталып кетті. Бекітілген жоба бойынша өзеннің 3 шақырымы толығымен абаттандырылады. Облыстық бюджет есебінен қаржыландырылатын нысанның конкурстық құны 1746,2 млн.теңгені құрап отыр. Өзен бойын көріктендіру жұмыстары қарашада аяқталады деп жоспарлануда.
Көріктендіру жұмыстарының барлық кезең­дері толығымен аяқталған уақытта Бадам өзенінің маңы қала тұрғындары мен қонақтары демалатын аймаққа айналады. Түрлі жеміс ағаштары мен көшеттер отырғызылып, аймақ жарықтандырылады. Демалушыларға арналған орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылып, аяқжолдар төселеді, тегін автотұрақ ашылады.
Жағалаумен бірге өзен арнасын да көріктендіру көзделуде. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарына 28 техника жұмылдырылды. Елбасымыз бұл шаһарды келешегі зор қалалардың қатарына енгізіп, маңызы жөнінен мемлекетіміздің үшінші қаласына теңеген еді. Яғни Шымкентте қолға алынып отырған бұл жоба Елбасының берген сол мәртебесін айқындай түсетін жобалардың бірі болатыны сөзсіз. Тағы бір айтары, сервистік қызмет көрсету үшін бұл жоба жеке инвесторлардың қызығушылығын тудырып отыр екен.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
ШЫМКЕНТ.