Аймақтар • 26 Шілде, 2019

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

877 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақын күндері атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, батыста, солтүстік-батыста кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Республиканың қалған аумағында Иран аудандарынан жылы ауа массаларының шығуымен ауа температурасы жоғарылап, қатты ыстық болады деп күтілуде. Республика бойынша кей жерлерде найзағай, жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.

27 шілдеде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерінде 18 м/с күтіледі.

Ақтөбе қаласында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы  90-95 %

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ,  солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Орал қаласында найзағай, дауыл, бұршақ, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %

Атырау облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Атырау қаласында найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%