Жаңа басшыны аймақ басшысының бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов аудан активіне таныстырып, бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Ауданды жарты жыл ғана басқарған экс әкімнің Ербол Сағдиевтың қызметтен өз еркімен кетуі себепсіз емес. Оны тиісті орындар анықтай жатар.
Алтынбек Абдоллаев 1962 жылы туған. Алматы зооветеринарлық институтын, осындағы экономика мен статистика академиясын бітіріп мал дәрігері және «экономист» мамандықтарын алып шыққан. Еңбек жолын 1984 жылы Көкшетау облысы Чистополье ауылында мал дәрігерлігінен бастаған. 1998 жылы Ғ.Мүсірепов ауданы әкімі аппаратының жетекшісі болып тағайындалған. Мамлют, Қызылжар аудандары әкімінің орынбасары болған. 2009 жылдан 2018 жылға дейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Ауданда шешімін табатын әлеуметтік-экономикалық мәселелер аз емес. Ауыл шаруашылығы ішкі өнім көрсеткіші төмен. Инвстиция құю, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу, жобаларды іске асыру жайы да қанағаттандыра бермейді. Орташа жалақы мөлшері 97 мың теңгені құрайды. Бұл облыс облыс көрсеткішінен 16 мың теңгеге төмен.
Солтүстік Қазақстан облысы