Саясат • 27 Шілде, 2019

Үкімет басшысы бастаған елорда жұрты Есіл мен Қарасу өзендерін тазалауда

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Акция барысында елордалықтар Есіл және Қарасу өзендерінің жағалауын тазартуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет басшысы бастаған елорда жұрты Есіл мен Қарасу өзендерін тазалауда

«Үкімет бастаған барша қазақстандық тазалық акциясына қош келдіңіздер! Бұл шара қазір республикалық дәрежеде өтіп жатыр. Сол сияқты бұл акцияны президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзі қолдап, бәрімізді Қазақстанды таза әрі жасыл ел етуге шақырды. Өткен апта Үкімет бастаған акцияны біз де қолдап, осы апта одан әрі жалғастырудамыз. Бүгінгі шараға белсенді қатысып жатырған барша астаналықтарға алғыс білдіреміз» - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Айтулы тазалық шарасына бас қаладағы министрлік, қалалық әкімдік және басқармалардың 1 500-ден астам өкілі атсалысуда. Одан бөлек, еріктілер де қатысуда. Сондай-ақ, экологиялық акцияны қолдап Үкімет басшысы Асқар Мамин, Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Айтмағамбетов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қатысуда.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдап, халықтың экологиялық мәдениеттілігін арттыруға және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына еріктілерді тарту жөнінде тапсырма берген еді.

Артынша министрліктің бастамасымен #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы жарияланып, аталмыш акция аясындағы шараларға Үкімет басшысы Асқар Мамин де қатысқан болатын.