Спорт • 28 Шілде, 2019

Минскідегі турнирде балуандар үш медаль жеңіп алды

502 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Минскіде грек-рим күресінен өтіп жатқан Олег Караваев мемориалында қазақстандық балуандар үш медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Минскідегі турнирде балуандар үш медаль жеңіп алды

63 келіде белдескен Мейрамбек Айнағұлов, 72 келідегі Мейіржан Шермаханбет және 97 келіде күрескен Ерұлан Ысқақов турнирдің қола жүлдегері атанды.

Бүгін Данияр Қаленов (67 келі) қола жүлде үшін күрессе, Ибрагим Магомедов (77 келі), Бауыржан Мусин (87 келі) және Дамир Күзембаев (130 келі) жұбаныш белдесуінде бақ сынайды.