30 Мамыр, 2013

Қыңырайған қабақтар

433 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қыңырайған қабақтар

Бейсенбі, 30 мамыр 2013 2:49

Оған не себеп болып отыр?

Бұл күнде көміршілердің « Қор­ғау» кәсіподағы мен «Арселор Мит­­тал Теміртау» АҚ арасында ке­зек­­ті үлкен дау туып жатыр. Еңбек­­керлер мүддесін қорғаушы ұйым және аталған компания тараптарынан кейінгі кезде бір-бірін түсінбеушілік, келіспеушілік жайлар жиілеп тұрса, осы жолғы текетірес те екі жақ жүйкесін біраз тоздыратын сыңайлы. Ендігі тартыс та қиқусыз емес. Кәсіподақшылардың мәлімдеуінше, аймақтағы өндіріс алпауыты бұған дейін қанаты астына алып келген әлеуметтік-тұрмыстық нысандардың бірқатарынан бас тартқысы бар.

Бейсенбі, 30 мамыр 2013 2:49

Оған не себеп болып отыр?

Бұл күнде көміршілердің « Қор­ғау» кәсіподағы мен «Арселор Мит­­тал Теміртау» АҚ арасында ке­зек­­ті үлкен дау туып жатыр. Еңбек­­керлер мүддесін қорғаушы ұйым және аталған компания тараптарынан кейінгі кезде бір-бірін түсінбеушілік, келіспеушілік жайлар жиілеп тұрса, осы жолғы текетірес те екі жақ жүйкесін біраз тоздыратын сыңайлы. Ендігі тартыс та қиқусыз емес. Кәсіподақшылардың мәлімдеуінше, аймақтағы өндіріс алпауыты бұған дейін қанаты астына алып келген әлеуметтік-тұрмыстық нысандардың бірқатарынан бас тартқысы бар. Түйіп айтқанда, бұрынғы көмек-қолдауды тоқтатпақ ниетте. Олай бола қалса шахтерлерді кәсіптік аурудан емдейтін Қара­ған­дыдағы медициналық бөлімше, Қарқаралыдағы «Шахтер» демалыс үйі, Топардағы «Жартас» ши­пажайы басқаға ысырылып, жеке меншікке сатылуы мүмкін. Кө­мір өндірушілердің, болат дайын­даушылардың балалары демалатын Нұра өзені бойындағы «Орленок» лагерінің де осы жаз құшақ ашуы-ашпауы беймәлім.

«Қорғау» кәсіподағы оң­тай­ландыру делінетін осынау шараларға қарсы, әрине. Еңбеккерлердің азын-аулақ жеңілдікпен денсаулықтарын сауықтыратын, шахталар лавалары қапырығындағы, домна пештері түбіндегі ауыр жұмыстан аз да болса тыныстап, әл жинайтын орындарынан мүлдем айырылып қалуы қауіптендіреді. Бұлардың өзгелер иелігіне өткізілуі жүздеген кеншінің, металлургтің мұндай мүмкіндікке бұдан бұлай қарай қолы жетпеуіне әкеліп соқтыратындығына көнгісі келмейді.
Былтырғы еңбек дауының әзер тарқатылуы ұмытыла қой­ма­ған шақта «Арселор Миттал Теміртаудың» тағы бір әрекеті сан мың ұжым мүшелеріне ұнап отырған жоқ. Неге бұлай деп білгілері келсе, соңғы уақыттарда пайда болған үйреншікті сылтау алдан шығады. Әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты өнімдер өтімділігінің төмендеуі, табыстың азаюы себебіне қиыстырылады. Солай-ақ болғанда, бұған сендірерліктей нақты айғақ ашық айтылмайды. Өйткені сарап­шылар болжамы бойынша, жағ­дайдың соншалықты жадау еместігі білініп қалады.
Аты дардай компания бұрындары да жомарт қолды емес еді, ал бүгінде одан сайын қалтырауық болудан қы­сылмайды. Денсаулықтарын өн­д­іріске сарп етіп, еңбекке жарам­сыз болып қалған ғаріптерге тиістілі өтемақы төлеуді жылдан-жылға созып келе жатуы соны көрсетеді. Тіп­ті оны оңайлықпен бермеу үшін шахтер-регресниктердің біра­з­ы мүгедектік туралы жалған анық­­­та­малар алыпты-мыс деген сөз­дер­дің айтылуын қайтерсіз. Кім біледі, болжаусыз, есептен тыс шығындардан қашқақтаудың ыш­қын­ғанда тағы түрлі тәсілдері табы­лар әлі. Басқа-басқа, соның бірі арнаулы жұмыс киімімен мезгіл-мезгіл қамтамасыз етуді созбалаққа салу, әбден тозғанша алмастырмау әлемге аян алыптың атағына жарасар ма. Үнемдеудің де үнемдеуі бар емес пе?..
Айта кетер жәйт, компанияның мәлімдеуі бойынша, әлеуметтік нысандардан арылу туралы мәсе­ле ойластырылған емес, ол «Қор­ғау­дың» орынсыз дауы. Ал кәсіподақтар өз пікірлерінен тайғысы жоқ. Кім­дікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін анық­тау бір-бірімен соттасуға дейін шие­ленісетін тәрізді.
Айқын НЕСІПБАЙ, 
«Егемен Қазақстан».
ҚАРАҒАНДЫ.