Аймақтар • 28 Шілде, 2019

Сарапшылар отандық білім деңгейін талқылады

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда білім саласының сарапшылары Public Talk аясында Қазақстандағы білім берудің келешегіне қатысты мәселелерді талқылады. Мектептердегі жаңа реформалар, үш тілділік, халақыралық тәжірибе мәселесін қозғаған мамандар Қазақстандағы білімнің келешегіне қатысты ойларын ортаға салды. «UStudy» аймақтық тәуелсіз тестілеу орталығының директоры  Жанат Рахманидің айтуынша,  Қазақстандағы білім беру деңгейі қалыпты. Отыздан астам елдердің тәжірибесін зерттеген  орталық мамандары әрине Кембриджден жоғары болмаса да қазақстандық білімнің төмен деңгейде  еместігін айтады.

Сарапшылар отандық білім деңгейін талқылады

Бізде Республикалық физика-математика мектебі, Қазақ-түрік лицейі, Назарбаев интеллектуалды мектебі, TAMOS Education сияқты жақсы мектептер бар. Ендігі кезекте осы мектептер Нью-Йорк, Лондон сияқты басқа да шетелдерде ашылып, оқытушыларымыз қосымша білім алу мүмкіндігіне ие болса деген ұсыныстарын білдірді. Қазіргі білімі жүйесіндегі реформалардың алдағы 5-10 жылда жемісін беретіні сөзсіз. Ал тіл меңгерген түлектер әлемнің қандай да болмасын мемлекетінде еркін қозғала алады.

Бүгінде Қазақстанға терең білім беретін мектептер қажет. TAMOS Education мектебінің директоры Лидия Шаповалова, аталған мектептің академиялық даму бойынша директоры Пол Кольер-Вудс қазақстандық реформаға қатысты ойларын білдіріп, қандай да бір тәжірибені қолдану барысында нақты тұжырымдар қажеттігімен жас мұғалімдерді оқыту мәселесіне тоқталды. Республикалық физика-математика мектебінің директоры Алмаз Күнғожин қосымша оқу материалдарын енгізу қажеттігіне тоқталды. Қатысушылар инклюзивті білім беру мен оқу орындарындағы жаңашылдықтарды талқылады.

 

АЛМАТЫ