Руханият • 29 Шілде, 2019

Асқақ дауысты әнші еді

639 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін

Қазақ ән өнерінің қайталанбас тұлғасы, талай талантты әншілердің тәрбиешісі, ұлағатты ұстазы болған Бекен Бәкенұлы Жылысбаевтың өмірден озғанына алдағы желтоқсанның 25 жұлдызында бес жыл болады. Қазақстанның халық әртісі, асқақ дауысты әнші, қазақ академиялық вокалдық педагогикасының тұңғыш профессоры, аталмыш саланың теңдесі жоқ білімді де білгір ұстазы, Ұлы Отан соғысының ардагері Бекен ағаның өнегелі өмір, тағылымды еңбек жолы өнерді, өнерліні бағалай білетін елдің есінде мәңгі сақталатындығы белгілі.

Асқақ дауысты әнші еді

Ол шын мәніндеде қазіргі қазақ әншілерінің атасы деуге болатын айтулы тұлға. Өзі­нің бүткіл саналы ғұмырын ұлт өне­рін зерделеуге, оны өркен­дету­ге, дамытуға арнаған адам. Хал­­қы­мыздың өнері мен мәде­ниетінің тарихын терең білетін санаулы саңлақтардың бірі.

Ұлттық өнерді насихаттауға бүкіл ғұмырын арнаған ғалым не бір қилы жол, қиян соқпақтардан өтті. Кешегі ел басына күн ту­ған, ер етігімен су кешіп, ат ауыз­­­дығымен су ішкен қиын-қыс­­­тау заманда небір қанды ж­о­­рық­тарды басынан өткерді. Бас­­қасын былай қойғанда ол бо­ла­шақ ұрпақтың бақыты үшін, ел­дің ертеңгі тыныштығы үшін бір ая­ғын майдан даласында қал­­дыр­ды. Қос шырағының бі­рін және беріп қайтты.

Соғысқа дейінгі 1940-1941 жыл­­дары Бекен аға Мәскеу­дегі П.Чайковский атын­дағы кон­церваторияның ән факуль­тетінің дайындық курсының бірінші жылын аяқтаған екен. Сол қарсаңда соғыс басталып кетеді де небәрі он сегіз жасқа толар-толмастан майданға аттана­ды. Соғыстан соң ол оқуын Алматы консерваториясында жалғас­ты­рып, аталған оқу орнын қазақ радиосында әнші болып жұ­мыс істей жүріп, 1951 жылы біті­реді. Бұдан кейінгі уақытта Бе­кен аға ұстаздық қызметке ойы­сып, өзі оқыған оқу орнын­да сабақ береді. Осыдан 1957 жы­лы консерваторяның ән фа­куль­тетінің кафедра меңгеру­шісі болып, 1973 жылы педагогтар арасында тұңғыш про­фес­сор атанады. Мінеки, бай­­қап отырғандарыңыздай, шал­­ғай­дағы Шұбартауда (Бекен Бәкенұлы 1923 жылдың 9 ма­йын­да бұрынғы Семей облысы Шұ­бар­тау ауданының Байқош­қар ауылының «Бірбет» деген жерін­де дүниеге келген) туып, өзінің ерен еңбекқорлығы, ерекше ізденімпаздығы, керемет қа­жыр­­­лылығымен осындай дәре­­же­ге жеткен. Осы тұс­та мына бір жағдайды да ел назарын ауда­ра айта кеткен жөн деп ойла­й­мын. Бекен аға кон­серв­то­рия­ның ән факуль­тетінің кафед­ра меңгерушісі қызметін бір емес, екі емес, тіпті бес, он жыл емес, бақандай қырық бес жыл бо­йына үзбей атқарыпты. Бұл да Бе­кең­дей ағаның елден ерек тұлға екен­дігін көрсетсе керек.

Байқап отырғандарыңыздай, оның шығармашылық еңбек жолы өнер адамы болсам деп армандайтын әрбір жас талапқа үлгі, өненге боларлықтай. Ол қазақ әндерімен қатар орыс клас­сиктері мен шетел компози­тор­ларының ән-романстарын шебер орындаушылардың бірі. Бекен ағаның орындауындағы өзіміз сахналардан жиі естіген М.Төлебаевтың «Тос мені, тос» (өлеңі Асқар Лекеровтікі), «Кес­­телі орамал» (өлеңі Н.Бай­мұ­қа­­медов­тікі), Абай өлеңіне жазыл­­ған «Мен көрдім ұзын қайың құ­лағанын» романстары, «Қазақ­стан оттары» (өлеңі Н.Шәкеновтікі) кантатасы тал­ғамы биік тыңдарманын ерекше әсерге бөлеген өнер туын­дылары екенін атап айтуға тиіспіз. Әрі бұл өнер туындылары табиғаты ерек әншінің жоғары білімін, дауыс диапозонының ерекше кеңдігін танытты.

Осы ретте Бекен ағаның 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің он күндігінде ұлттық хор­ды бастап, жеке дауыста ас­қақ­тата ән шырқаған сәті көзі тірі кө­рерменнің әлі күнге есінде болар. Ол қазақ өнерпаздары Кремль сарайының кеңістігін дүріл­деткен бір сәт болатын. Көр­ген де арманда, көрмеген де ар­манда, сол бір өнердің айтулы он күндігінде майдангер әнші Бекен Бәкенұлы мәскеуліктерге қазақ ән өнерінің таңғажайып кереметін танытқан еді.

Жалпы, Бекен Бәкенұлының жарты ғасырдан астам уақытқа созылған өнегелі өнер жолында ұлағатты ұстаздығымен дараланатын тұлғадан тәлім алған қазақ баласы қаншама десеңізші. Олар­дың қатарында КСРО ха­лық әртісі Т.Сейталиев, Қазақстанның ха­­лық әр­тіс­тері М.Мұсабаев, Н.Қа­­ра­­жі­гітов, Б.Бейсенов, К.Бақ­­­таев, З.Қой­шыбаева тәрізді ай­ту­­лы өнер адамдары бар. Осы­­нау тар­лан таланттардың қата­рын Ғ.Есімов, Н.Үсенбаева, Ш.Әбілов, Ж.Бақтай, Ұ.Кен­же­беков, М.Шалабев, Ғ.Әбілдаев, Д.Хай­руллин, А.Бейсембеков, Р.Сы­майлова, Р.Жұмаділова, М.Шот­баев сынды басқа да көп­теген талант­ты толқындар то­лық­тыра түседі.

Осы ретте Отаны, елі әншіге әр кездерде лайықты бағасын берді, ардақтап, құрметтей біл­ді. Ол туралы айтар болсақ, Бе­кен ағамыз КСРО-ның кезін­де «Ленин» орденінің, 1-ші жә­не 2-ші дәрежелі «Ұлы Отан со­ғы­сы», «Еңбек даңқы», «Құр­­мет бел­гісі» ордендерімен мара­пат­­­та­лыпты. Еліміз тәуелсіздік алған­нан кейінгі кезеңде «Отан» ордені­нің иегері атаныпты. Бұл жоғары награданы Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ерекше құрметпен өз қолымен табыстаған.

Көзі тірісінде Бекен ағамен ел­дегі етене араласқан бауыр­лары­ның бірі болдым десем, оны ешкім де жоққа шығара қоймас.

Кездескен сайын елді, жерді еске алып, ауылдастарының хал-жағ­дайын сұрап, тілекші бо­лып о­тыратын. Ауылдың аман­­ды­ғын, жаңалығын естіген­де жүзі нұр­ланып, балаша қуа­натын. Сон­дай сәттерде «Бір­бет­те», «Бай­қошқар», «Бақанас­тың» бо­йында асыр салып өт­кен бала­лық күндерін есіне алатын.

Жалпы, Бекен ағаның айтулы әнші болуына анасы Қаным­ба­ланың көп ықпалы болған көрі­неді. Иә, марқұмның анасы Қаным­бала әжеміз өресі биік өнердің адамы еді дегенді ескі көздердің талайының аузынан естігеніміз бар. Сол үлкендердің ай­туынша, «Бақанас» пен «Да­ған­дыел» деп аталатын осы Шұ­­­бар­тау өңірін мекендеген екі болыс елдің қандайда бір қы­­зық­­тары Қанымбала әже­міз­­сіз өтпейді екен. Одан бұ­рын еш­кім ән бас­тамайтын кө­рі­неді. Тіп­ті кейбір атағы алыс­қа кеткен адам­дардың думан-тойларында Қанымбала әже­мізге алдын ала хабар айты­лып, оны арнайы қос атпен немесе жер тар­пыған тұлпарлар пар­лап же­гілген пәуескемен ал­дыр­та­ды екен дейтін олар. Халқы дәл осылай алақанына са­лып әспет­теп, құрметтеген Қаным­бала әже­міз ұзақ жасап Бекен ағаның өнер­дің биік шыңынан көрінуіне бір­ден-бір қамқоршы болыпты. Сол жолға бар пейіл-ықыласын арнапты.

Бекен ағаның отбасы, ата-анасы, белдеуде бұзау қалмаған қызыл сирақ аштық жайлаған нәу­бат уақыттан кейінгі 1936 жылд­ары белгісіз себептермен Қара­ғанды жаққа қоныс аудара­ды. Ол бір барша жұрт жақсы бі­ле­тін ел күңірене күйзелген, зия­­л­ылары қуғын-сүргін ұшыра­ған, ауыртпалығы мол аласапыран жылдар еді ғой. Қарпайым момын шаруа әкесі (Бәкен негізі Бекеннің атасының аты. Өзінің туған әкесінің аты Жылысбай. Әке­лі-балалы екі адамның ат­тары­ның бұлайша ауысуының да белгілі бір себептері болған болар. Ол жағы беймәлім.) сол жылдарда аупарткомның бірінші хатшысының атшысы, көшірі болыпты. Бәлкім сол бі­рінші басшының ықпалы да бол­ған болар. Қалайда бір жыл­дай Қарағанды жақтың дәмін татқан олар Семейге қай­тып оралған. Тұрмыстың ауыр тау­қы­­метінен ата-анасы Бекенді С­емей­дегі мектеп интерна­тына оқуға берген. Сонда оқып жүр­­генінде мектептің көр­кем­өнер­­паздар үйірмесіне қаты­на­­сып көзге түскен Бекен аға­мыз Семейден үздік шығып, Алматы­да өткен пионерлер арасын­дағы республикалық байқауға қа­тысады. Сол байқауда маман­дар назарына іліккен Бекен ағаның өнер адамы болуына жар­қын жол ашылады. Өйткені ол рес­публикалық байқаудың жеңім­пазы атанып, бас жүлдесіне ие болады. Ақыры мектеп бітірісі­мен Мәскеуден бірақ шығады.

Сол кеткеннен мол кеткен Бекен аға туған жері Шұбартауға араға табандатқан қырық жыл салып оралған еді. Бала кезінде кетіп, азамат кезінде оралған перезентін ел де, жер де сағынып қалғандай. Ол кезде атақ-даңқы аспандап тұрған жерлестерін шұбартаулықтар хан көтеріп қарсы алған-ды. Оның жүзін көру, қасында отырып сөзін есту жерлестері үшін ерекше бір ғанибет. Асқақтаған әндерін тыңдау романтикаға толы одан да керемет оқиға болды. Уақыт, тағ­дыр алшақтатқан ел мен оның перзенті одан кейінгі кезде жиі кездесіп, жүздесіп тұрды.

Аудандар ірілендірілген тұс­та Бекен ағаның елге сапары та­ғы да сиреп қалғандай болды. Соны ескерген аудан басшылығы сек­­сен­нің сеңгіріне шыққан аға­ны құр­меттеп, Аягөзге келіп,
аудан жұрт­­шылығының алдына шығып, шы­ғар­машылық есеп бе­ріп, өнер көрсетіп қайтуын өтін­ген-ді. Бекен ағамыз аудан бас­шы­­лары­ның шақыртуын қабыл алып, келді. Ол 2012 жыл­дың та­­мыз айы болатын. Аудан мәде­ние­ті­­нің қара шаңырағы аудан­дық Қозы Көрпеш – Баян сұлу атын­­­дығы мәдениет сара­йы­ның сах­­­на­сында өнерсүйгіш жұрт­шы­­лық­­тың алдында ән шыр­­қа­ды. Кө­рер­­мен қауым сек­сен­­нің сең­­­гі­­­рін­дегі әнші жер­лес­тер­інің өне­рі­не үлкен ризашы­лықпен қол соқты.

Сол күндерде Бекен ағаға тағы да қолқа салынды. Өскемен қа­ласында өтетін аудан күніне қа­ты­насып қайтуы өтінілді. Бек­ен ағамыз бұл ұсынысты да қабыл алды. Сөйтіп атақ-даңқы әлем өнеріне танымал әншілер­дің атасы тек ауданда ғана емес, аудан көркемөнерпаздарының Өске­мендегі өнеріне қолдау көр­сетіп, такаппар да талғамы биік өскемендіктердің алдында да ән шырқаған еді. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын жұрт­шы­лықтың сондағы өнер тар­ла­нына деген құрметі мен қо­ше­меті күні кешегідей көз алдымда.

Міне, осындай ел десе бала­дай елпектеп тұратын Бекен аға­дай өнер майталманының мы­нау пәни жалғаннан озғаны­на біршама уақыт өтсе де, күн­де­лікті күйбең тіршілікпен жүріп, ол туралы ойлар толғап, осы бір нағыз өнер қайраткерінің атын ел есінде мәңгі қалдыру мақсатын алға тартқан бірде-бір мақала жазбаппыз. Бұл енді біздің тойғанға мәз тоғышар­лығы­мыздан болса керек. Әйт­песе қолда бар алтынның қадірін білер едік. Оны өскелең ұрпаққа өнеге етіп жүрер едік. Дегенмен қазақта «Ештен кеш жақсы» деген де сөз бар. Осы орайда ел мақтанышы Бекен Бәкенұлы Жылысбаевтың атын беруге болатын мәдени орындарымыз да баршылық. Солардың бірі әрі бі­регей лайықтысы аудандық өнер мектебі деуге болады.

Ал енді Бекен ағаның атын бе­ретін орын өзінің туған ауылын­­да да бар. Ол – Кеңес ода­­ғы­­ның кел­меске кеткеніне отыз жыл өт­се де, орысша қо­йыл­­ған атауы өз­гер­мей келе жат­қан осын­­дағы «Гор­ный» деп ата­ла­­тын орта мек­теп­тің атауы. «Ес­ті­­ме­ген елде көп» дегендей қай­мағы бұ­зыл­маған қазақ ауылын­да бұдан өткен сорақылық бол­сын ба?! «Көрмес түйені де көрмес» демекші, көзге шық­қан сүйел­дей болып келе жат­қан осы атау­ды өзгертпей отыр­ған атқа мі­нер­лерге не деуге болады?! Оны ауыстыратын ла­йық­ты тұл­ға­лар да бар. Бар бол­ғанда қан­дай де­сеңіз­дерші! Абай­дың ақын шә­к­ірт­терінің бірі, әйгілі әнші, ақын, компози­тор Уәйіс Шон­ды­байұлы кімнен кем?! Абай өз заманында айт­қыш­ты­ғын, сөзден ұстатпас ұтқыр­­лы­ғын ерекше бағалап, «Керей­дің қы­зыл желі» деп атаған Бегеш шешен ше? Мұқтар Ма­ғауин­­дей заманы­мыздың заңғар жазу­шы­сы­ның «Аласапыран» аталатын ро­ма­нындағы кейіп­кер­лердің бірі, есімі өз кезінде елге мәлім болған Томан би тағы бар. Қара ха­лықта кінә жоқ, билік тізгі­нін ұс­таған әкімқараларға осылар­дың бәрін айтты. Алайда, көп жағ­дайда көз алдарынан алыс­ты көре бермейтін атқа мінген аға­йын­­дары­мыз олардың бірде-бірін құп көрмеген.

Құрметті оқырман қауым, ақыры айтқаннан кейін көңілдегі­мізді іркіп қалмай арылып, сар­қып айтқанды жөн көріп отыр­­мын. Бұл ретте Бекен Бә­кен­­ұлы сынды бірегей азамат­қа мек­­теп­тердің ғана атын беру­мен шек­теліп қалмай облыс орта­л­ығы Өскемен мен Бе­кен аға­­ның өзі оқыған Семей қала­сын­­дағы көр­нек­ті көшелер­ге оның есімін бер­ген­нің де еш ар­­тық­­тығы бол­мас еді. Оның қа­зақ өне­рі­не сі­ңір­ген осын­дай ең­бегі, мемлекет­тік және қоғам­дық жұмысқа бесе­не қатысқан қай­­­рат­­­керлігі, ел қор­ғау­дағы ер­е­сен ерлігі соған әбден лайық. Оны тиісті орындардың тізгінін ұс­та­­­ған лауазымды азаматтар ақыл та­­ра­­зысына сала жатар деп ойлаймыз.

 

Ақаш КӨКСЕГЕНОВ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

 Аягөз