Парламент • 29 Шілде, 2019

Сенатор студенттердің жаңа жатақханасымен танысты

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Сергей Плотников Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан-Америка еркін университетінің жатақханасында болды.

Сенатор студенттердің жаңа жатақханасымен танысты

Сенатор студенттер тұратын ыңғайлы оқу, демалыс, тамақ дайындау бөлмелері мен тұрмысқа қажетті арнаулы бөлмелердің жағдайымен танысты. Жоғары оқу орны ғимараттарының бірі таяуда қайта жаңартылып, студенттерге арналған 88 орындық жатақханаға айналды.

Студенттер бос уақыттарында ғимаратқа қоса салынған спорт залда жаттыға алады. Университеттің жеке жер учаскесіне қосымша тоғыз қабатты жаңа жатақхана құрылысын салу жоспарланып отыр.