Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында құқық қорғау органдары қылмыс деңгейін төмендету және елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кешенді шаралар қабылдауда.
Осы шаралар аясында бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып Маңғыстау облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің заңға қарсы әрекеттерінің жолын кесу бойынша ауқымды арнайы операция бастады.
Тұрғындардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы операция жүргізуге Ұлттық қауіпсіздік және Ішкі істер органдарының арнайы жасақ күштері мен құралдары тартылды.
Бас прокуратура азаматтарды әлеуметтік желілерде тарауы мүмкін арандатушылыққа ермеуге және үрейленбеуге, сондай-ақ заңсыз әрекеттерге бармауға шақырды.
Жағдай құқық қорғау органдарының толық бақылауында. Арнайы операцияның қорытындысы жұртшылық назарына жеткізілетін болады.