Қазақстан • 29 Шілде, 2019

Салық декларациясын тапсыру мерзімін қалай ұзартуға болады?

917 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел дәрежесі төмен кәсіпкерлер салық есептілігін тапсыру мерзімін ұзарту мүмкіндігіне ие. Мемлекеттік кірістер комитетінде осы мүмкіндікті кім және қалай пайдалана алатыны туралы айтылды.

Салық декларациясын тапсыру мерзімін қалай ұзартуға болады?

Салық есептілігін электронды түрде табыс еткен жағдайда салық төлеушіге салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік беріледі.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау кезінде жанама салықтар бойынша салықтық есептілікті ұсыну мерзімін ұзартуға болмайды.

Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту үшін салық төлеуші тіркеу есебіне қойылған жері бойынша мемлекеттік кірістер органына хабарлама жібереді.

Мұндай хабарламаны "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы арқылы да жіберуге болады.

Хабарламаны қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда салық есептілігін табыс ету мерзімі аяқталғанға дейін жіберуге болады.

Салық есептілігін табыс ету мерзімін мынадай мерзімдерге:

- КТС немесе ЖТС декларациялары бойынша отыз күнтізбелік күнге дейін;

- салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің  өзге де түрлері  бойынша декларацияны және (немесе) есеп-қисапты күнтізбелік он бес күнге дейін;

- тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдер деңгейі төмен салық төлеушілер үшін салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің  өзге де  түрлері  бойынша декларацияны отыз күнтізбелік күнге дейін ұзартуға болады.

Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебіне қолданылмайды.

Ұзарту салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімін өзгертпейтінін ескеру қажет.

Арнайы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерді қоспағанда, тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдердің жоғары деңгейі бар салық төлеушіге салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылмайды.

Салық органдары салық төлеушілер ұсынған салық есептілігінің деректеріне, уәкілетті мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, уәкілетті тұлғалардан алған мәліметтерге, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерге талдауды жүзеге асыратынын еске саламыз.

Осындай талдаудың нәтижелері негізінде 2019 жылғы 1 қаңтарынан бастап барлық салық төлеушілерді санаттау олардың қызметін  тәуекел дәрежесінің төмен, орташа немесе жоғары санатына жатқызу және салықтық әкімшілендіруді саралау шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Тәуекелдерді басқару жүйесінің нәтижелері бойынша салық төлеушінің қандай тәуекел дәрежесіне жатқызылғандығы туралы ақпарат жылына екі рет анықталатын болады және салық төлеушілерге «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасына жіберіледі.

2019 жылдың 1 шілдесінен бастап санаттарға бөлу нәтижелері Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында (электрондық сервистер / бизнеске көмек / санаттарға бөлу нәтижелері бойынша салық төлеушінің тәуекел дәрежесі) (http://kgd.gov.kz/ru/services/degree_of_risk) жарияланатын болады.

БСН/ЖСН бойынша сұрау салу арқылы өз қызметі бойынша да, өз контрагентінің қызметі бойынша да тәуекел дәрежесін білуге болады.

Санаттауды міндетті өзектендіру мерзімділігі – жарты жылда бір рет.

Қолданыстағы заңнама шеңберінде санаттарға бөлу нәтижелері салықтық әкімшілендірудің мынадай салаларында қолданылады:

- ЖК жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату,

- ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою,

- салық есептілігін табыс етуді ұзарту, тоқтата тұру,

- берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу.