Аймақтар • 29 Шілде, 2019

Экологиялық акцияны кеншілер де қолдады

402 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еуразиялық Топқа (ERG) кіретін Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігінің ұжымы «Бірге – Таза Қазақстан!»республикалық экологиялық акциясына қолдау білдірді. Топ өндірісі орналасқан барлық аймақтағы кәсіпорындардың 2,5 мыңға тарта қызметкері сенбілікке қатысты. Еуразиялық Топ құрамындағы Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі де Тобыл өзені жағалауын тазартуға өз үлесін қосты.

Экологиялық акцияны кеншілер де қолдады

«Еуразиялық Топ әрқашан экологияны белсенді қолдайды. Біз жыл сайын қоршаған ортаны сақтауға және жақсартуға бағытталған жеке іс-шаралардың бастамашысы болып келеміз. Табиғи ресурстарға ұқыпты қарау біздің компаниямыздың миссиясына кіреді, бұл – біздің жұмыс істейтін кәсіпорындарымыз бен аймақтарымыздың тұрақты дамуының кепілі» Еуразиялық Топтың басқарма төрағасы Серік Шахажанов.

Рудныйда Тобыл өзенінің бойындағы аумақты тазартуға 420 маман қатысты. Жалпы алғанда, жағалау аймағының 4000 шаршы метрден астамы ретке келтірілді.

«Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин бастаған «Бірге – Таза Қазақстан!» экологиялық акциясы бүгінде еліміздің барлық шалғайында сұранысқа ие болып отыр. Тобыл өзені жағалауы әбден ластанған екен. Өкінішке қарай, бірен-саран адамдар ғана демалған орнын жинап кетеді. Біз мұны көріп отырмыз және түзеткіміз келеді. Қоршаған әлемнің жағдайына баршамыз алаңдауымыз керек. Өйткені біздің және балаларымыздың денсаулығы осыған тікелей байланысты» дейді ССКӨБ жастармен жұмыс жөніндегі бөлімі бастығының міндетін атқарушы Әділ Ағайсин.

 Үш сағат ішінде шамамен 26 текше метр қоқыс шығарылды. Кеншілер барлық мәселелерде белсенді. Бірлестік ұжымы үшін «экологиялық десант» – бұл әдеттегі нәрсе. Жыл сайын, жаздың басында кен алыбының қызметкерлері Тобылдың жағалауына сенбіліктерге шығады, сонымен қатар өндірістік алаңдарды тазартып, Рудныйды абаттандыруға қатысады.

2018 жылы Еуразиялық Топ қоршаған ортаны қорғау шараларына 13,5 млрд. теңге қаржы құйды. 2019 жылы Топтың Қазақстанның «жасыл экономикаға» өту тұжырымдамасы аясындағы инвестициялары 16,5 миллиард теңге көлемінде жоспарлануда.

Рудный

 

 

Соңғы жаңалықтар

Көлікпен дәулет құраған

Қоғам • Бүгін, 10:40

Әлжанның алтын медалі

Таным • Бүгін, 10:20

Ақылды келіншек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 10:00