07 Маусым, 2013

Сиырды робот сауады

413 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Сиырды робот сауады

Жұма, 7 маусым 2013 2:05

Озық технология Кенді Алтайда қолданысқа енгізілді

«Шығыс-сүт» жауапкершілігі шек­теу­лі серіктестігіне облыстағы 8 сүт зауыттары, бірнеше шаруа қожалықтары қарайды. Бұл күндері іргелі ұжымда бір жарым мың адам еңбек етеді. Еліміздегі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына енген серіктестік өткен жылы қуатты сүт кешенін пай­да­лануға берген. Оның ашылуына Елбасы Н.Назарбаев қатысып, шаруа қожалықтары иелеріне сүт, ет өн­діру, басқа салаларда да ізденіс пен ілкімділік таныту жайлы айтқан. «Шығыс-сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, қалалық мәслихаттың депутаты, ұзақ жылдар ауыл шаруашылығында еңбек етіп, тамаша жетістіктерге  жетіп келе жатқан Сейілжан Сайлаубаев индус­трияландыру картасына енген жобалар жайлы айтып, қожалық иелеріне барлық жағдайдың жасалып жатқанына ризашылығын білдірген еді.

Серіктестіктің сүт зауыттары отызға тарта өнімдер шығарады. Қаймақ, ірімшік, сыр, сары май, айран, басқа да тағамдар облыс аудандарына, көрші Павлодар, Семей қалаларының сауда дүкендеріне тарайды. Сапасы мен бағасы тұтынушылардың қалтасы көтерерліктей. Өткен жылдың желтоқ­санында Глубокое ауданының Бобровка ауылында ел есінде қалатындай елеулі оқиға болды. Сиырларды роботпен сауу елде бірінші болып жүзеге асты. Сиырлар келісім бойынша Чехиядан жеткізілді, әрқайсысының бағасы 2750 еуро. Симменталь тұқымдас қызыл ала сиыр сүтті мол береді, тәулігіне 15-20 литр сүт сауып алуға болады.

Жақында Бобровка ауылындағы сиырларды роботпен сауатын кешенде болғанымызда, ең алдымен тазалық пен ұқыптылықты байқадық. Жаңадан қызыл кірпіштен өріп салынған кешенде ақ желеңмен жүру керек. 100 сиырға азық-түлік конвейермен жеткізіліп тұр. Бір таңғалғанымыз, алып кешен ішінде әрлі-берлі жүрген адамдарды байқамадық. Мұнда «Бовровка+1» серіктестігінің директоры Талғат Қырықбаев, кешен жетекшісі, оператор, механизатор, мал дәрігері ғана еңбек етеді.

– Кешен 400 сиырды саууға арналған, алайда, біз 100 сиырды сатып алуға үлгердік. Одан кейін шетелден сиыр сатып алуға тосқауыл қойылды. Өзім 350 миллион теңге несие алдым. Сиырларды роботпен сауу рахат, робот өзі тағам беріп, тәулігіне үш-төрт рет кешенде тұрған жерден сауатын жерге кірген сиырлардың емшегін бірден тауып алады. Жем бергені де қызық, қашан оны тауысып біткенше күте тұрады да, тоқтаған кезде жалғастырады. Сөйтіп, тәуліктің 24 сағат бойы тынымсыз жұмыс істейді.Тәулігіне 1 тонна 100 келі сүт сауып, оны серіктестіктің сүт зауыттарына жөнелтеміз. Швецияның «DeLabaI» маркалы робот қондырғысы сондай ақылды, қанша сүт сауылғанын,тәулігіне неше рет сауылатынын компьютерде көрсетіп тұрады. 6 сүт сауатын қондырғыны сатып алуға 1 миллион 200 мың еуро жұмсадық, – дейді Талғат Қырықбаев.

Оператор Мақсат Иманғазин, механизатор Бақыт Кәрібаев, мал дәрігері Бауыржан Мақсұтхан сиырларды роботпен сауудың келешегі кемел екенін, алдағы уақытта қол күшін жетілдіруде ізденісте бола беретіндерін айтады. Олардың жалақысы жаман емес, уақтылы алып тұрады. Еліміздің индустрияландыру картасына енген кешен ұжымы алдағы уақытта да алдан көріне бермек.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Шығыс Қазақстан облысы.

Глубокое ауданы.

________

Суретті түсірген автор.