08 Маусым, 2013

Шөп әзірлеу, оны сату

1967 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Шөп әзірлеу, оны сату

Сенбі, 8 маусым 2013 1:28

Қазіргі уақытта еліміздегі мал басының көбейе түсуіне байланысты оның негізгі азығы болып есептелетін шөп әзірлеп сату тиімді бизнес, түріне айнала бастады. Бұл іспен мал иелерімен қатар соларға қызмет көрсететін қолында қажетті техникалары бар азаматтар көбірек шұғылданатын болып жүр. Бизнестің тиімді болатын себебі, біздің Қазақстан жағдайында шөп көбінесе табиғи дала жағдайында өз бетімен өседі. Оны тек мезгілінде шауып, жинап алу қажет.

 

Сенбі, 8 маусым 2013 1:28

Қазіргі уақытта еліміздегі мал басының көбейе түсуіне байланысты оның негізгі азығы болып есептелетін шөп әзірлеп сату тиімді бизнес, түріне айнала бастады. Бұл іспен мал иелерімен қатар соларға қызмет көрсететін қолында қажетті техникалары бар азаматтар көбірек шұғылданатын болып жүр. Бизнестің тиімді болатын себебі, біздің Қазақстан жағдайында шөп көбінесе табиғи дала жағдайында өз бетімен өседі. Оны тек мезгілінде шауып, жинап алу қажет.

Шөпті арнаулы техникамен немесе қол шалғы, тырмауыш, айырмен әзірлейді.

Шөп қатқыл азық түріне жатады. Ол – сиыр мен жылқы, қой мен ешкінің негізгі қорегі. Қыста мал қолға қараған кезде де ол азықтық рационның негізгі бөлігін құрайды. Осы үшін жаз уақытында мал ұстаған жұрттың бәрі шөп дайындау ісімен шұғылданады. Оны пішен салу, пішен шабу деп атайды. Мұндайда шөпті негізінен шабындық пен даланың түрлі шалғынынан әзірлеген дұрыс.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта шөпті көпжылдық дәнді және бұршақ тұқымдас шөптерден (сулыбас, жоңышқа, арпабасты шөп, беде) дайындайды. Көп жағ­дайда оларды қолдан өсіреді. Себебі, бұршақ тұқымдас шөптер­дің құрамында кальций, дәнді дақылдылардың құрамында фосфор көп кездеседі. Бұл екеуі де малға аса пайдалы. Соның ішінде дәнді дақылды шөптің мал азығындағы үлесі 70-75 пайыз болғаны жөн. Ылғалдылығы 15 пайызды құрайтын жоғары сапалы шөптің түсі әдетте жасылтым болып келеді де, жағымды иісі бұрқырап шығып тұрады.

Шөптің құнарлылығы өсім­діктің ботаникалық құрамына, оны жинаудың мезгілі мен әдісіне, кептіру ұзақтығына байланысты болып келеді. Осындай жұмыстар мезгілінде жүзеге асырылғанда шөптің бойында витаминдер мен минералды заттар, протеин молынан сақталады да қатал қыстан малдың күйлі шығуына көп әсер етеді.

Шөп дайындау мерзімі. Пі­шен­ге салынатын шөпті шабу мен жинау уақыты аймақтардың кли­маттық жағдайы мен ауа-райына байланысты. Алайда, жинау мез­гілінің жалпыға ортақ көр­сет­кіштері де бар. Ол бұршақ тұ­қым­дас, дәнді шөптердің қа­уыз­дануына немесе гүлденуіне сәйкес жүргізіледі. Дәл осы ке­зең­де өсімдіктердің құнарлы зат­тары көп мөлшерде болады. Бұдан кешірек мезгілде жинағанда құрғақ өнімді көбірек алуға болады. Бірақ бұл көлем уақыт өткен сайын өсімдік құрамында көбейе беретін талшықтар есесінен алынады.

Шөпті әзірлеу технологиясы. Шөп дайындаудың әдеттегі және дәстүрлі әдістері бойынша шөпті шауып алып, ауа-райының қолайлы кезінде бірнеше сағатқа жайып алады. Одан кейін шөпті тырмалап үйеді де, қажетті қа­лыпқа дейін кептіргеннен соң бір жерге шөмелеге салып, жинайды.

Шөптің бойындағы құнарлы заттарын жоғалтуы механикалық және химиялық болып бөлінеді.

Құнарлы заттарды механикалық түрде жоғалту дегеніміз – шөпті жинау және қопсыту барысында өсімдіктің өзінің бағалы бөліктері болып табылатын гүлдері мен жапырақтарының сынуы. Әсіресе, гүлдері мен жапырақтары жалпы салмағының 50 пайызын құрайтын бұршақ дақылды өсімдіктерді жинау барысында жалпы шөп көлемін жоғалту қомақты мөлшерде болады. Механикалық түрде шөп көлемін жоғалтуды азайту үшін шабылған шөпті көп қозғай бермеу керек.

Ал химиялық түрде шөп кө­лемінің азаюы жаңа шабылған шөп жасушаларында зат алма­судың, яғни биохимиялық үде­рістің тоқтамауы әсерінен болады. Демек, шөптің құрғауы неғұрлым тезірек болса, оның бойындағы ақуыз, көмірсутегі, майлар, дәрумендердің ыдырау үдерісі де соғұрлым тезірек тоқтатылып, құнарлы заттардың жоғалуы да барынша азая түседі.

Жоңышқаны кептіру айтар­лықтай қиын, өйткені оның сабағы қалың. Сондықтан оны жинау кезінде арнайы сабақты жалпайтып тастайтын шөп машиналары қолданылады. Осылайша ол тез кебеді, алайда, сабақтарын жалпайту кезінде өсімдіктің ыл­ғалдылығы, онымен бірге құнарлы заттары жоғалады. Дәнді дақылды шөптерді жалпайтпайды, өйткені олардың сабақтары жіңішке, яғни тез кебеді. Арнайы желдету арқылы шөпті жеделдетіп кептіруді жүзеге асыруға болады.

Тайланған (буылған) шөпті дайындау үшін оның ылғалдылығы 30-35 пайызға дейін төмендегенше кептіріп, мая етіп жинайды.

Дәруменді шөп жас малдар мен асыл тұқымды жануарлар азығына қолданылады. Оны жасанды әдіспен құрғатады, күн көзі астында көп ұстамайды, өйткені ультрафиолет толқындары салдарынан каротині ыдырайды.

Шөпті сақтау тәсілдері. Құр­ғақ шөпті қорада, шатыр астында сақтайды. Кейбіреулер арнайы шөп сақтайтын төбесі жабық орын жасайды. Ол үшін жерге ұзындығы 7-7,5 метрлік бағана тұрғызылады. Әр бағананың қасына тағы бір 1 метрлік бағананы орнатады. Қысқа бағаналарға тақтайлар қойылып, үстіне шөп жиналады. Ішінен қысқышпен нығыздалған 60×100 см. қайрақпен байланысқан қаңқа төбе болып табылады. Қаңқаны бағаналарға кигізіп қояды да, шатыр жасайды. Шөп жиналғаннан соң белгілі бір биіктікте шатырды бекітеді.

Жұмсалатын шығын:

Кішкентай ағаш шалғы сатып алуға = 700 – 1 200 теңге.

Үлкен ағаш шалғы сатып алуға = 1 500 – 2 500 теңге.

Орақ сатып алуға = 400 – 700 теңге.

Электрмен немесе бензинмен жұмыс істейтін моторлы шалғы сатып алуға = 7 500 – 50 000 теңге.

Қол тырма сатып алуға = 500 – 1 000 теңге.

Жіп сатып алуға 1 метрі = 5 – 10 теңге.

Кіретін кіріс:

Шөп 1м2 = 14 –22 кг.

1 кг шөп = 8 теңге.

1 тонна шөп = 8 000 теңге.

Пайдалы кеңестерді мына сайттардан алуға болады:

http://animals-feed.info/54 zagotovka-sena.html

http://landwirt.ru/2009-12-12-16-06-35/189-2009-03-08-08-03-51

http://fermer02.ru/animal/cow/3013-tehnologiya-zagotovki-sena.html

Әзірлеген

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».