Қоғам • 30 Шілде, 2019

Елордадағы LRT құрылысының жобасын оңтайландырды (видео)

539 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Нұр-Сұлтан қаласында жеңіл рельсті транспорт жобасының құрылысын жалғастыру мәселелері талқыланды. LRT жобасы аясында атқарылатын жұмыстар туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов баяндады.

Елордадағы LRT құрылысының жобасын оңтайландырды (видео)

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жобаны оңтайландыру жұмыстары жүргізілді. Үкімет тарапынан Қытай даму банкінің қарызынан бас тарту бойынша шешім қабылданды. Бұл 800 млн АҚШ долларын немесе 300 млрд теңгеден астам сомада қарызға кететін шығыстар бөлігінде республикалық бюджетке түсетін қаржылық салмақты азайтуға мүмкіндік берді. Сонымен бірге, инвесторлармен келіссөздер жүрігізіліп, Қазақстанның екінші деңгейлі банктерімен, қаржы институттарымен облигацияларды орналастыру шарты қарастырылды. Бұдан бөлек, Қытай тарапынан келісімшарт құнына салықты қосу туралы келліссөздерді бастадық, бұл шара жоба бойынша шығындарды 200 млн долларға азайтуға жол ашады», деді А. Көлгінов.

Астана банкіне аударылған $258 млн көлеміндегі қаражат Нұр-Сұлтан әкімдігіне жобаны одан әрі жүзеге асыруға қайтарылатыны белгілі болды.

Жиында 18 стансаның 7 аялдамасын қысқарту мәселесі қарастырылып отырғанын және жүру интервалы 3 минуттан 10 минутқа дейін өзгертілетіні айтылды. Бұл елорданың қоғамдық көлігін дамытуға үлес қосады.