30 Шілде, 2019

А. Мамин халал өнім экспортын дамытуды тапсырды

289 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері көтерілді.

А. Мамин халал өнім экспортын дамытуды тапсырды

Мал шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы Е. Қарашөкеев, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ. Есқалиев, Қызылорда облысының әкімі Қ. Ысқақов, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М. Тасмағанбетов, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары — «Empire Food» компаниясының бас директоры А. Джавидан, «Макинск құс фабрикасы» компаниясының вице-президенті Р. Тоқсейітова баяндама жасады.

Мал шаруашылығы — еліміздің агроөнеркәсіптік  кешенінің жетекші саласы. 2019 жылдың бірінші жарты жылдығының нәтижесі бойынша мал шаруашылығында жалпы өнімнің көрсеткіштері 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға өсті, мал азығы дақылдарының егіс алаңы 19-ға ұлғайды.  

«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша аграрлық саланы сапалы дамыту, экономикадағы оның үлесін арттыру бойынша Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы қабылданды», — деп ҚР Премьер-Министрі, ҚР Президенті Қ. Тоқаев ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру және өңделген өнім экспортын дамыту бойынша міндеттерді белгілегенін атап өтті.

Биылғы 15 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешенге стратегиялық инвесторларды тарту міндетін қойды.

Асқар Мамин әлеуетті инвесторлармен белсенді жұмыс жүргізіп, оларға қолайлы жағдайлар жасау қажеттігін айтты.

«Бұл жұмыс үнемі жүргізілуі тиіс. Біздің ортақ міндетіміз – салаға келетін инвестицияларды жыл сайын кемінде 30%-ға арттыру. 2020 жылға қарай 211 млрд теңгеге дейін, 2021 жылға қарай – 274 млрд теңгеге дейін ұлғайту қажет», — деді Асқар Мамин.

Жаңа сүт фермаларын салу арқылы өңдеу көлемін ұлғайту әлеуеті бар, сүт өңдеу көлемін 2022 жылға қарай 2,2 млн тоннаға жеткізудің барлық мүмкіндігі бар.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне «Қазагро» холдингімен және облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп,  сүтті-тауарлы мал шаруашылығының көлемін арттыру, отандық құс шаруашылығын дамыту, халал өнім экспортын дамыту шараларын қабылдау тапсырылды.