Аймақтар • 31 Шілде, 2019

Павлодар облысында «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы басталды

274 рет көрсетілді

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, қайырымдылық шарасы жылдағыдан бір ай ерте басталған.   

 

Павлодар облысында «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы басталды

Мақсат-көп балалы отбасыларға көмек беру,олардың балаларын мектепке ерте даярлап, оқуға  баруына жағдай жасау.

Жалпы, қала бойынша көмекке мұқтаж 4 660 оқушы бар.

- Шілде айының басында қаладағы ірі сауда үйлерінің басшыларына және кәсіпкерлерге көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларының 1-қыркүйек жаңа оқы жылында  көмек берулерін сұрап хат жаздық,-дейді білім бөлімінің мамандары.

Алдымен облыс  орталығындағы «Артур» сауда үйінің әкімшілігі «Мектепке жол» шарасы аясында қаладағы мектеп оқушыларына 1 миллион теңгенің тауарларын тарту етті.

Сауда үйінің өкілдері балаларға қажетті киім-кешектер, аяқ киімдер мен сөмкелер әкеліп берді. Бұл тауарларды қалаға қарасты ауылдардағы, Кенжекөл мен Жетекші ауылындағы мектеп оқушыларына беріледі.

Ал, қала іргесіндегі кенттегі №32 мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Райгүл Жайдабаеваның айтуынша, тұрмысы төмен отбасылардың 43 баласына киім-кешек, оқу құрал-жабдықтары, мектептің киімі және спорт формасын алдық. Ата-аналар атынан қалалық білім бөліміне және ұйымдастырушыларға алғыс  айтады.

Сонымен қатар, шара барысында құрылған штаб құрамында ата-аналар бірлестігі де бар.

Қала әкімдігі басқарма басшылары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер қауымы белсенділік танытады деп сенеді.

 Былтырғы жылы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 4 мыңнан астам балаға көмек көрсету үшін 36 миллион теңге қаражат жұмсалған.

Елімізде тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларының балаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған іс-шараларға «Ұлттың болашағы» қоғамдық қоры бастаған іс-шаралар да жағасуда.

Павлодар