Қоғам • 31 Шілде, 2019

«Самұрық-Қазына» Арыс қаласындағы 66 әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіреді

642 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Арыс және Түркістан қалаларына барып құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.

«Самұрық-Қазына» Арыс қаласындағы 66 әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіреді

«Самұрық-Қазына» қоры  Арыс қаласындағы 66 әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соның ішінде 36 балабақша, 17 орта мектеп, 8 медициналық мекеме және басқалары бар. Сонымен қатар Түркістан облысында 7000 орындық стадион, Х.А. Яссауи атындағы мұражай, конгресс орталығы мен оқушылар Сарайының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Қор Арыс және Түркістан қалаларының нысандарын қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарына 42,2 млрд. теңге бөлді.

Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің іс-сапары барысында мердігерлер басшылары құрылыс жұмыстары уақытылы аяқталатынын жеткізді.