01 Тамыз, 2019

Президенттік кадрлық резерв Іріктеу 2019 жылдың 1 қыркүйегінен басталады

550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында елде Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру қажеттігі туралы жариялады.

Президенттік кадрлық резерв Іріктеу 2019 жылдың 1 қыркүйегінен басталады

Тұңғыш рет инновациялық технологиялар, инженерия, кәсіпкерлік қызмет, медицина, экономика, мәдениет және басқа да көптеген салада елеулі нәтижелерге қол жеткізген жас қазақстандықтарда резервке іріктеуден өтуге және елдегі жоғары мемлекеттік, басқару лауазымдарына тағайындалуға мүмкіндік пайда болды. Іріктеу барынша ашық өткізіледі, оған 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар жас азаматтар қатыса алады.

Резервке қосылуға ынталы азаматтар үшін бірнеше кезеңнен өту қажет:

кандидаттардың теориялық білім­дерін тестілеу;

көшбасшылық қасиеттерді, сыни ойлау деңгейін, стратегиялық көзқа­ра­сын, үміткерлердің уәждемесі мен құн­дылықтарын бағалау (эссе жазу, жобаларды таныстыру, сұхбаттан өту және бағалаудың басқа да құралдары);

Президент Әкімшілігінің Сарап­шылық комиссиясында әңгімелесу;

Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында қарау.

Егер Сіз табысты бастамалардың ав­торы болсаңыз, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру үшін жаңа жобалар мен іс жүзінде іске асырылатын идеяларды ұсынуға, жедел шешім қабылдауға жә­не инновацияларға тез бейімделуге қабі­летті болсаңыз, «Президенттік кадрлық резерв» жобасына қатысуға онлайн өтінім жолдаңыз!

Қазақстанның дамуында шешуші рөл ойнайтын және ілгерілеудің қозғаушы күші болатын жас әрі тиімді болашақ басшылардың қатарына қосылыңыз.

Толық ақпаратты МҚІА-ның qyzmet.gov.kz сайтынан алуыңызға болады.