05 Қаңтар, 2013

Алда асқаралы міндеттер тұр

237 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алда асқаралы міндеттер тұр

Сенбі, 5 қаңтар 2013 8:21

Президент Нұрсұлтан Назар­баевтың «Қазақстан-2050» Стра­тегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы Тәуелсіз Қазақстан дамуының қо­ры­тындыларын шығарып, елі­міздің таяу онжылдықтағы ауқымды мін­деттерін айқындап берді.

 

Сенбі, 5 қаңтар 2013 8:21

Президент Нұрсұлтан Назар­баевтың «Қазақстан-2050» Стра­тегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы Тәуелсіз Қазақстан дамуының қо­ры­тындыларын шығарып, елі­міздің таяу онжылдықтағы ауқымды мін­деттерін айқындап берді.

Президенттің пікірінше, Қа­зақстанның мемлекеттік дамуының 2030 жылға дейінгі алғашқы ұлт­тық стратегиясының «бірқатар бағыттары мерзімінен бұрын орындалды»: экономика, еліміздің саяси жүйесі, ұлттық білім беру жүйесі, денсаулық сақтау және әлеу­меттік қамсыздандыру саласы жетістіктерге жетіп, жаңғыртылды. Тәуелсіз Қазақстанның Елбасы белгілеген саяси бағыты елімізге дамыған елдермен толыққанды серіктес болуға, тұрақты көпұлтты мемлекет ретінде танымал болуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қам­тамасыз ету бойынша халық­ара­лық бастамалары әлемдік қоғам­дастық тарапынан қолдауға ие болып, еліміздің саяси беделінің нығаюына жәрдемдесті. Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның еу­ра­зиялық жолмен даму тұжырымы біздің қоғамда кеңінен жүзеге асып жатыр. Елбасы жаңа Жолдауында жаңа стратегияның маңыздылығына тоқтала отырып, оның арқасында «…біздер әлемнің геоэкономикалық және геосаяси орталығында боламыз» деп атап өтеді.

Қазақстанның жаңа саяси ба­ғытын айқындай отырып, Пре­зидент Н.Ә.Назарбаев қазақ­стан­дықтар үшін «үздік білім, лайық еңбек, жарқын болашақ» сияқты жаңа мүмкіндіктер берілетіндігін атап көрсетті. Елбасы Қазақстанда «зияткерлік ұлт» қалыптастыру идея­сын дамыта отырып, еліміздің алдына қойылған тарихи маңызды міндеттерді шешу үшін «қазақстандықтар жоғары білімді ұлт болуы керек» деп атап өтті. Президенттің пікірінше, бұл мәселеде қазақстандықтардың жаңа буыны – Тәуелсіз еліміз­дің құрдастарына ерекше жауап­кер­шілік жүктеледі. Олардың білімі, кәсіби біліктілігі, Отанына деген сүйіспеншілігі елімізге «2050 жылдарға дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуіне» мүмкіндік береді.

Президенттің айтуынша, жаңа мемлекеттік стратегияны жүзеге асыруда зиялы қауым ерекше рөл атқарады. Олар «біздің жалпы ұлттық құндылықтарымызды нығайтуда жетекші күшке айналулары керек» деді. Ғалымдар, шығармашылық интеллигенция өкілдері ел тарихын, бүгінгі күнді саралауға үлес қосуда, атап айтсақ, тарихқа жүгіне бермей, заманымыздың қаһармандарын көрсете білуіміз керек. Оларға қарап біздің жастарымыз бой түзейді. Тәуелсіздікті құру, тарих үшін қысқа 20 жыл ішінде еліміздің дамуы, астананы құру ұлы мұраттар болып табылады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың қазір­гі кезеңдегі білім беру жүйе­сінің басты бағдары терең білім, кәсіби іскерлік деген пікі­рін қолдай отырып, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ұжымы Қазақстанды одан әрі дамытуға, жоғары технологиялы, әлеуметтік саясат жағынан тартымды, инновациялық ғылымы мен бәсекеге қабілетті білім беру жүйесі бар мемлекет ретінде әлемнің дамыған елдерінің қатарына енуіне үлес қосатын жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша өз жұмысын жалғастырады.

Еркін КӨБЕЕВ,

Е.А.Бөкетов атындағы мемлекеттік

университеттің ректоры.

ҚАРАҒАНДЫ.