10 Қаңтар, 2013

Қоғамдық қабылдаулардың көмегі көп

365 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қоғамдық қабылдаулардың көмегі көп

Бейсенбі, 10 қаңтар 2013 7:24

Кеше «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында 2012 жылы атқарылған қоғамдық қабылдау қызметінің қорытындысына арналған брифинг болып өтті. Былтыр партияның Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 86 930 адам келіпті. Демек, 2011 жылға қарағанда 7 791 адам көп келген екен.

 

Бейсенбі, 10 қаңтар 2013 7:24

Кеше «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында 2012 жылы атқарылған қоғамдық қабылдау қызметінің қорытындысына арналған брифинг болып өтті. Былтыр партияның Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 86 930 адам келіпті. Демек, 2011 жылға қарағанда 7 791 адам көп келген екен.

Азаматтар негізінен құ­қық­тық жәрдем, тұрғын үй-ком­муналдық мәселелер мен бас­па­на алуға ықпал ету, жұмысқа орналасу мәселелері жөнінде өтінішпен келетіні анықталып отыр.
Мемлекеттік және құзыретті органдарға жіберілген 20 617 өтініштің 16 097-сіне жауап алынды. Оның ішінде 8 007-сі, яғни 50 пайызы шешілді. Ал қалғаны бойынша түсіндіріліп, жөн көрсетілді.
Партияның қоғамдық қа­был­дау бөлмелерінде барлық деңгейдегі депутаттар 7 148 қа­был­дау жүргізіп, 18 159 адамды қабылдады. Оның нәтижесі бойынша 16 013 өтініш қаралып, оның 7 202 өтініші оң шешімін тапты.
Шалғайдағы елді ме­кендерде тұратын азаматтардың мәселелерін шешу мақсатында партия филиалдары қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қыз­мет­керлері мен жергілікті атқарушы органдар өкілдері өзара бірлесіп, 1118 көшпелі қабылдаулар өткізді. Оған 10 мыңнан аса адам қатысты.
Партия Орталық аппа­ра­тының қоғамдық қабылдау бөлмесінде мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары есеп беру кезеңінде 347 адамды қабылдап, 127 жазбаша өтінішті қарады.
Адвокаттар одағының өкіл­дері 128 адамға тегін құқықтық кеңес және «Қоғамдық қор­ғау­шы» республикалық қо­ғам­дық бірлестігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелер бойынша 18 адамға заң тұрғысында кәсіби кеңес берді.
Орталық аппараттың Қо­ғам­дық қабылдау бөлмесі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2012 жылдың 9 қарашасынан бастаған «Үзіліссіз байланыс» жобасы аясында 4 қабылдау жүргізіп, 20 адамды қабылдады.
2012 жылға арналған рес­пуб­ликалық желілік іс-шаралар кестесіне орай, партия қоғамдық қабылдау бөлмелері мемлекеттік органдармен бірлесіп, мемле­кет­тік бағдарламаларды іске асыру мәселесіне қатысты 11 республикалық акция ұйым­дастырды. Оған 67 823 адам қатысты.
Парламент Мәжілісінің депутаттары – «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшелері «Нұр Отанның» Орталық ап­па­ратының Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келіп, азаматтардың мұң-мұқтажына құлақ асып, мәселелерін шешуге көмек қолдарын созды.

«Егемен-ақпарат».