15 Қаңтар, 2013

Ортақ міндет жолында

270 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ортақ міндет жолында

Сейсенбі, 15 қаңтар 2013 7:45

Облыс әкімі, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы Ерлан Арын еліміздегі бірқатар саяси партиялардың өңірлік бөлімшелері басшыларымен кездесіп, өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Елбасының жыл сайынғы Жолдауларын, тапсырмаларын халыққа жеткізуге, жүзеге асыруға саяси партиялар да үлес  қосып келеді. Бұл елдік – мақсат-мүдде ортақ деген сөз. Қазіргі күндері биылғы Жолдауды да қызу талқылау басталды. Алда оны жүзеге асыру міндеттері  тұр.

«Ауыл» социал-демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы Рымтай Шөкеевтің айтуынша, қабылданған бұл меморандумдар алдағы жұмыстардың бастауы болмақ. Ауылдықтар Елбасының биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығын ілгерілетіп, ауылдықтардың әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалын жақсартуға бағытталған тапсырмаларын жүзеге асыруға үлесін қосады.

Сонымен қатар, Қазақстан халықтық коммунистік партиясы, Қазақстан Патриоттар партиясы, «Әділет» және «Ақ жол» партияларының өкілдері де ел дамуы жолындағы қызметтерін одан әрі жалғастыра беретіндерін жеткізді.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ПАВЛОДАР.

Соңғы жаңалықтар