15 Қаңтар, 2013

Белгіленген істе береке мол

254 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Белгіленген істе береке мол

Сейсенбі, 15 қаңтар 2013 8:03

«Нұр Отан» ХДП атқарылған іс-шараларды қорытындылап, алда межеленген жұмыстардың басым бағыттарын айқындады

«Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында партияның облыстық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарларымен кеңес өткізілді. Кеңесте партияның 2012 жылғы іс-шаралары қорытындыланып, таяу мерзімде қолға алынатын жұмыстардың басым бағыттары айқындалды.

 

Сейсенбі, 15 қаңтар 2013 8:03

«Нұр Отан» ХДП атқарылған іс-шараларды қорытындылап, алда межеленген жұмыстардың басым бағыттарын айқындады

«Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында партияның облыстық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарларымен кеңес өткізілді. Кеңесте партияның 2012 жылғы іс-шаралары қорытындыланып, таяу мерзімде қолға алынатын жұмыстардың басым бағыттары айқындалды.

Партияның өткен жылы ат­қарған іс-шараларының ең маңыздысы – Парламент Мә­жі­лі­сіне және барлық деңгейдегі мәс­лихаттарға депутаттар сай­ланып, «Жас Отан» жас­тар қа­натының ІІ съезі өткізілді. Партияның есеп-беру сайлау науқаны, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жал­пы­ға  Ортақ  Еңбек  Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласын түсіндіру шаралары жүргізілді.

Партия соңғы жылдары қо­ғам­ның барлық салаларына белсенді араласып, аймақтардағы жұмыстарды күшейтті. Мем­ле­кеттік бағдарламалардың лайықты іске асырылуына үлес қосып, халықтың тұрмыстық-әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысты. Басқосуда «Нұр Отанның» осындай ілкімді істері айрықша атап өтілді.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы – «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен партияның Сайлауалды тұғырнамасын іске асыру партияның 2013 жылы атқарылатын Жұмыс жоспарының негізгі бағыты ретінде белгіленді. «Нұр Отанның» Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың алға қойған жаңа міндеттеріне орай, пар­тия­ның жұмыс жоспарына жаңаша бағдарлар белгіленді.

Партияның филиалдары­на Мемлекет басшысының «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясын іске асыру жөніндегі басым ба­ғыт­тарды және индустриялық-инновациялық даму, жастар сая­саты, шағын және орта кә­сіп­керлікті, халықты еңбекпен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, сондай-ақ  білім беру мен ғылымды дамыту секілді салаларды ширату жөнінде орташа және ұзақ мерзімді жұмыс жоспарларын дайындау тапсырылды.

«Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев: «Біз Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың алдымызға  қойған жаңа міндет­терін ескере отырып, партияның жұмыс бағдарын жоспарлауды қайта қарап, пысықтадық. Соған орай, республикалық желілік жұмыс кестесін жұмысшы топ­тары атқарған нақты іс-шараларының қорытындысын айқын көруге мүмкін болатындай етіп жасақтауымыз керек. Мұндағы мақсатымыз – парияның «бұқаралық қолдау желісі» мен әлеуметтік базаны барынша ұлғайту», деп атап өтті.

Б.Сағынтаев әріптестерінің назарын кеңестің маңызына аудара келіп, Елбасы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру үшін ақпараттық-насихат топтары елдің ең шалғай ауылдарын да міндетті түрде қамтуы қажеттігін баса айтты.

Бүгінде партия жұмысының негізгі бағыттарының бірі – азаматтық институттардың барлығымен тығыз ынтымақ­тас­тықты жолға қою. «Нұр Отанның» филиалдары партиямыздың өз ішінде және өзге партиялармен арада аймақтық деңгейдегі пікірталас алаңын дамытқаны абзал.

Сондай-ақ, осы жиында нұротандықтар партияның өз ішіндегі тәртіпті күшейтіп, ар-ұжданына кір келтірмей, әрқайсысы өздеріне жүктелген мемлекеттік міндеттерімен қатар, қоғамдық тапсырмаларды мінсіз атқаруда жауапкершілігін абыроймен алып жүруі қажеттігі қаперге салынды.

Алдағы уақытта ауылдық аумақтардағы әкімдер сайлауы келетінін ескере отырып, сол сайлауда лайықты үміткерді қапысыз таңдау үшін Саяси кеңестің бюросы мен фракциялардың кеңесінде бүгінгі таңда іс басындағы әкімдер – партия мүшелерінің есебін тыңдауды ұйымдастыру туралы ұсыныс айтылды.

«Жас Отан» жастар қанаты 2013 жылды «Жастар қанатымен және ауыл жастарымен жұмыс жүргізу жылы» деп жариялады. Соған орай, олар еңбек ұжымдарында, ауылдық жерлерде «Жас Отан» жастар қанаты қолға алған бас­тау­ыш бөлімшелерін жасақтауды ширататын болады.

«Егемен-ақпарат».