Қоғам • 02 Тамыз, 2019

Тергеу изоляторларында азық-түлік өнімдерін жеткізу қызметі пайда болды

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде Алматы және Алматы облысының қылмыстық-атқару жүйесінің бірнеше мекемесінде Мамандандырылған электрондық дүкен бойынша пилоттық жобалар іске қосылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Тергеу изоляторларында азық-түлік өнімдерін жеткізу қызметі пайда болды

Азық-түлік өнімдерін жеткізу қызметі Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент, Павлодар, Қарағанды қалаларының тергеу изоляторларында жұмыс істей бастады.

Сотталғандардың туысқандарымен бейнебайланыс арқылы сөйлесулері Ақмола облысындағы ҚАЖ-дың екі мекемесінде сынақтан өткізіледі. 

ІІМ бұл жобаларды іске асыру пенитенциарлық жүйеде цифрландыруды дамытуға, ізгілендіру деңгейін арттыруға, сыбайлас жемқорлық пен шағымдардың санын азайтуға ықпал етеді, сондай-ақ сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарына жақындатады деп есептейді. 

Осы сервистер арқылы тапсырыс беру және жеткізу ҚАЖ мекемелерінің тапсырыстарды қабылдау бюросындағы кезекті жояды,сондай-ақ сотталғандарға және қамауға алынғандарға тыйым салынған заттардың өту фактілерін төмендетеді. 

ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдар өздерінің туыстары мен жақындарын міндетті түрде келуге мәжбүрлемейді, қолданысқа енгізілген сервис арқылы рұқсат етілген тауарлар мен өнімдерді сатып алуға мүмкіндік туды. Осындай сервистердің қызметін тергеу-қамауға алынғандар және сотталғандардың туыстары мен жақындары да пайдалана алады. 

Арнайы электрондық дүкен және сәлемдемелерді пенитенциарлық жүйеге жеткізу жөніндегі сервис тауар өндірушілер болып табылмайды, ол жергілікті және шетелдік өндірушілердің өнімдеріне арнайы алаңды ұсынады. 

Сервистерді қолданысқа енгізу - сотталғандардың тауарды мекеме ішіндегі дүкеннен немесе электрондық дүкеннен таңдауына жол ашады. Яғни, бәсекелестік орта қалыптастырып отыр. Ал бәсекелестік тұтынушыларға сапалы әрі бағасы қолайлы тауарлар ұсынауға деген қызығушылықты арттырады.