16 Қаңтар, 2013

Міндет мінсіз атқарылса елдік іс еселене береді

328 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Міндет мінсіз атқарылса елдік іс еселене береді

Сәрсенбі, 16 қаңтар 2013 7:31

Қазақ – болмысынан еркіндікті сүйген, сый­ласқанға басын иген, өз қадір-қасиетін білген ха­лық. Оны тәуелсіздік жылдарында сабақтас­тық үлгісін көрсетіп қана қоймай, өрістеткеніміз төрткүл дүниеге мәлім. Өскеніміздің, өркен жайғанымыздың нақты дәлелі өткенімізді саралап, болашағымызды айқындаған, Елбасының «Қазақстан 2050» Стратегиясы дер едім. Бұл құнды құжат қазақстандықтардың келер күнге деген сенімін арттырып, ұрпақтың кемел келе­шегіне жол ашып отыр. Оған «Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары» деген тараудағы тарата айтқан міндеттер біз үшін үлкен бағдар. Бұған мына бір үзінді де дәйек болады. «Бүкіл   әлемдегі сияқты Қазақ­стан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдіс­теріне көшу керек. Сіздер білесіздер, мен басты міндеті балаларымыздың бастапқы мүмкіндік­терін тексеру болған «Балапан» бағдарламасы бастамасын көтердім» дейді Елбасы. Бұл ұрпақ үшін айдай ақиқат еді.

Иә, Президенттің жаңа Жолдауындағы мін­дет­тердің ең үлкені деп, мен білім беру және тәрбиелеу жұмысы бойынша ұл мен қызды 100 қамтуға қол жеткізу жөніндегі тапсырмасы дер едім. Шынында, сауатты да, тәрбиелі ұрпақ  Отанымыздың күні ертеңгі алтын тірегі болары сөзсіз. Білім білігі мықты жас қашан да қоғам дамуына ойлы көзбен қарайды. Жұдырықтың күшіне емес, ақылдың айбынына сенім артады. Мұнымен қатар, жолдауда оқу әдістемелерін жаңғырту, өңірлік мектеп орталықтарын құру қажеттілігін де атап өткен.  Бұл бізге тікелей қатысты деп білемін.

Мемлекет басшысы жоғарыда айтқанымыз­дай, егемен елдің жас ұрпағына қажет нәрсенің бәрін  өзінің жыл сайынғы Жолдауында нақты­лап беруде. Осыдан он жылдан аса уақыт бұрын  Арқаның ең көрікті де көркем, сулы да нұрлы жерінен «Балдәурен» Республикалық оқу-сауық­тыру орталығын (РОСО) құруды тапсыр­ған еді. Бұл сол кезде мүлтіксіз орындалып, қазір жүйелі жұмыс істеліп жатыр. Елба­сының осындай қамқорлығын сезінген оқу­шылар мен жасөспірімдер орталықта осы күндері білім мен тәрбиені қатар ұштастырып келеді. Отаны­мыздың барлық өңірлерінен келген демалушылар бір атаның баласындай, бес қолдың саласындай болып, достықтың туын көтеріп, бір біріне деген мейірімін тереңдете түсуде.

Білім және ғылым министрлігінің кестесіне сәйкес осы уақытқа дейін «Балдәурен» Қазақ артегінде 70 мыңнан аса оқушы демалды. Сол секілді жүзден жүйріктер қатысып, жүлделі бесінші орынға табан тіреп тәуелсіз жұрты­мыз­дың мерейін өсірген, 98 елдің үздік жастары қатысқан 51-ші Халықаралық математика олимпиадасы Астанадан кейін біздің орталықта жал­ғасын тапты. Сол секілді әлемдік байқаулар мен оқушылар фестивалі өтіп тұрады. Әсіресе, әлеу­меттік жағынан аз қамтылған отбасылар мен мүгедек балаларға алғашқы кезекте қам­қор­лық жасап отыру басты мақсат болып саналады.

Осы деректерді алға тарта отырып Елба­сының болашаққа нық қадаммен баруды мақсат еткен жаңа Стратегиясы бойынша атқарылатын жұмыстарды жүйелей бастадық. Ең бастысы мемлекетіміздің барлық өңірлерінен «Балдәу­рен» оқу-сауықтыру  кешеніне келген оқушы­ларға білім беру мен тәрбиелеудің озық үлгі­лерін, әсіресе, оқыту әдістемелерін дәуір талабына сай жаңғыртудың жоба-жоспарын ғылы­ми тұрғыдан жақсартуды қолға алдық. Ол үшін білікті мамандардың қажет екені анық. Бұл жұмысқа да зейін аударып, әр мұғалім бәсекеге қабілетті, сауаттылығы жоғары болу керек деген міндетті алға оздырдық. Жолдауда айтылған тұрмысы төмен, яғни әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына  бұрын да жасалып келе жатқан жеңілдіктерді қайта қарап, ынталы ұл-қызға қолжетімді көмек көрсетуді арттыра бермекпіз.

«Бейбіт өмірдің өзінде бізде мыңдаған жетімдер бар – балалар үйлері толы. Бұл,  өкі­ніш­ке қарай, жалпыәлемдік үрдіс және жаҺан­данудың сынағы.  Бірақ біз бұл үрдіспен күре­суі­міз керек. Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі  және олар құқықсыз болуға тиісті емес» деген Елбасы сөзі, кім-кімге болса да ой салмай қоймайды. Осы тапсырманы жан-жақты сараптан өткізе отырып, ата сал­тымызға сай, жетімдерді алақан жылуына алуымыз керек. «Балдәурен» оқу-сауықтыру кешені жыл бойы жұмыс істесе, біз кейбір ауысымдарда жетім, денсаулығы кеміс балаларға арнап, олардың Көкшетау өңірінің әсем табиғатында демалуына мүмкіндік жасауды дәстүрге айналдырудамыз. Осы арада мына бір ұсынысымды да айта кетсем деймін. Қазір еліміз бойынша ең үлкен оқу-сауықтыру кешені «Балдәурен» ғана. Ұзақ мерзімге бағытталған Мемлекет басшы­сының  «Қазақстан 2050» Стратегиясы аясында «Балдәурен» секілді оқушыларға арналған өңір­лік кешендер салынып, ол жыл бойы жұмыс істесе нұр үстіне нұр болар еді.  Ондай демалыс орындары бар. Бірақ көбісі қадамын жаза алмай отыр. Егер өңірлердегі сондай оқу-сауықтыру кешендері келешекте бір орталықтан қаржы­ландыру арқылы  «Балдәуреннің» филиалы  етіп, жергілікті жерлерден балаларды басты кешен­де демалуға жіберіп отыру үрдісін қалып­тастырсақ артық болмас еді. Мұндай жүйе өзге  елдерде бұрыннан бар.

Бір сөзбен айтқанда, Елбасының бұл Жолдауы бүгінімізді саралай отырып, келешегімізге жасалған үлкен жоба екені белгілі. Ендігі жерде осы Стратегияның әр тармағы бойынша өзіне тиесілі жұмысты атқару бәрімізге мүлтіксіз міндеттеліп отыр. Оны абыроймен орындасақ Отанымыздың бүгінгі көтерілген биігі, одан да асқақтап, шырқау шыңдай алыстан көз тарта бермек.

Мұхитдин ТӨЛЕПБАЙ,

«Балдәурен» РОСО бас директоры