Руханият • 04 Тамыз, 2019

Жамбыл кітапханасындағы жазғы демалыс

779 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жазғы демалыс маусымы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында  «Оқыңыз қызық!» кітап көрмесімен басталып, онда жас оқырмандарға арналған

анықтамалықтар, энциклопедиялар,  ертегілер, жұмбақтар және де көптеген әдебиеттердің жетпістен астам түрлері қойылды. Онда жас оқырмандар арнайы тапсырыс беріп, уақыт жоғалтпастан қызықты мазмұндағы кітаптарды көрме сөлерінен алып танысуға мүмкіндік алды.

Жамбыл кітапханасындағы жазғы демалыс

Руханият ордасының жазғы маусымдағы бағдарламалары қызықты мазмұнмен сабақтасып, кітапхана мамандары жас оқырмандардың бос уақытын тиімді пайдалануға барынша ықпал етті. Кітапханада қонақта болған Гете институтының директоры Ева Шмит, Германиядан келген Регина Анхут-Фрам мен Керстин Весендорф және Гете институтының кітапхана және ақпарат бөлім басшысы Шолпан Қызайбаева Жамбыл кітапханасының жаңарған заманауи қорымен танысып, мектеп жасындағы балаларға қажетті әдебиеттердің барысымен танысты. Арнайы ұйымдастырылған экскурсия барысында шетелдік әріптестер өз елдеріндегі кітапхана тәжірибесімен бөлісіп, алдағы уақытта бірлесе қызмет жасауға келісім жасады.

Жазғы уақыттың кітапханада өткізудің тағы бір тиімді тұсы оқырмандар арасында ұйымдастырылған шахмат турнирі болды. Турнир алаңында жас оқырмандар бәр-бірімен сайысқа түсумен қатар, жаңа достар тауып, қызықты пікірлерімен бөлісті. Жазғы уақытта кітапхана қызметкерлері колония тәрбиеленушілерін де назардан тыс қалдырмады. ЛА 155/6 жасөспірімдер колониясында өткен іс-шара мен арнайы кітап көрмесі  тәрбиеленушілерге рухани демалыс сыйлады. Олар өздері оқыған кітаптары жайлы баяндап, өлеңдер оқып, ән шырқады.

 Алматы