Тәуелсіздік жетістіктерін еселеу жолында
Сенбі, 19 қаңтар 2013 8:16
Тәуелсіздіктің 21 жылдығы қарсаңында Президент Н.Ә.Назарбаев жариялаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы жаңа сын-қатерлерге жауап қана емес, республиканың таяу жарты ғасырларға саяси және экономикалық дамуының пішіндері мен стратегиялық мақсаттары анықталған құжат та болды. Мемлекет басшысы ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағыт қажеттілігін негіздеді, себебі, өткен ғасырдың 90-шы жылдарының соңында қабылданған «Стратегия-2030»-дың негізгі ережелері іске асырылды.
Сенбі, 19 қаңтар 2013 8:16
Тәуелсіздіктің 21 жылдығы қарсаңында Президент Н.Ә.Назарбаев жариялаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы жаңа сын-қатерлерге жауап қана емес, республиканың таяу жарты ғасырларға саяси және экономикалық дамуының пішіндері мен стратегиялық мақсаттары анықталған құжат та болды. Мемлекет басшысы ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағыт қажеттілігін негіздеді, себебі, өткен ғасырдың 90-шы жылдарының соңында қабылданған «Стратегия-2030»-дың негізгі ережелері іске асырылды.
Халыққа жаңа Жолдауында Президент дамудың 7 басым бағытын анықтады. Олар әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың басты міндетін шешуге – экономика өсімі мен қоғамдық игіліктердің ұлғаюы арасындағы оңтайлы тепе-теңдікке қол жеткізуге бағытталған.
Мемлекет басшысы жариялаған негізгі бағыттардың бірі мемлекеттілікті одан әрі нығайту және мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру үшін қазақстандық демократияны дамыту болып табылады.
Аталған бағыттың алғашқы аспектілері қатарында мемлекеттік жоспарлау және болжау жүйесін одан әрі жетілдіру белгіленген. Мәлім болғандай, 2009 жылы Президент Н.Ә.Назарбаев Жарлығымен түпкі нәтижеге бағытталған Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі бекітілген. Қолданыстағы стратегиялар, тұжырымдамалар, доктриналар, мемлекеттік, аймақтық және салалық бағдарламалар 2010 жылдың желтоқсанында осы құжатқа сәйкестендірілді. «Қазақстан-2050» Стратегиясының жаңа міндеттерін ескере отырып, стратегиялық құжаттардың «қайта жүктелуі» мемлекеттік органдардың мемлекеттік бағыттарды іске асырудағы жауапкершілігін күшейтуге, нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған. Осы міндетке мемлекеттік аудитті енгізу де бағынған.
Мемлекеттік басқаруды одан әрі орталықсыздандыруға келетін болсақ, биліктің орталық және жергілікті деңгейлері арасындағы қызметтерді анықтап айыру бойынша мақсатты жұмыс 2003 жылдан бастап жүргізіліп келе жатқанын атап өткен жөн. Белгілі болғандай, 2004 және 2006 жылдары осы саладағы заңнамаға тиісті толықтырулар енгізілді. Жаңа Бюджет кодексінің нормалары биліктің барлық деңгейлеріне дербестікті қамтамасыз етті.
2009 жылы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару мәселелері бойынша заңнамалық актілерге енгізілген түзетулерге байланысты Қазақстандағы жергілікті өзін өзі басқарудың негізі мәслихаттар болды. Осылайша, жергілікті өзін өзі басқарудың жаңа тетігі құрылды, жергілікті маңызға ие мәселелерді тікелей шешуге азаматтарды неғұрлым кең тартуға мүмкіндік берілді. Ауыл әкімдерінің мәслихаттар арқылы сайлануы қоғамдық бақылауды және тұрғындардың жергілікті жердегі жағдайға ықпалын, жергілікті маңызға ие мәселелерді шешуге тұрғындардың қосылуын арттырады. Бұл үдерістердің барлығы құқықтық қолдауды қажет етеді, оны алдағы жылда іске асыру көзделген. Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту саласындағы заңнаманы жетілдіру Парламент қызметінің аса маңызды бағыты болып табылады.
Сонымен қоса, халықтың жергілікті өзін өзі басқару конституциялық құқығын іске асыру тиімділігі қажетті құқықтық негіздің болуына ғана емес, жергілікті өзін өзі басқаруды іске асырудағы құқықтар мен мүмкіндіктерді пайдалануды адамдардың түсінуі мен ұмтылысына да тәуелді. Осы саладағы міндеттерді жүзеге асыру кең түсіндірме жұмыстарына, ақпараттық жаппай оқытуға байланысты. Бұл азаматтарға жергілікті маңызға ие мәселелерді шешу үдерісіне қосылуға көмек көрсетеді.
Бұл бағыттың үшінші аспектісі кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға, мемлекеттік басқару жүйесі тиімділігінің артуына байланысты. 2007 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен әкімшілік реформаны одан әрі жалғастыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша шаралар қабылданған. «Мемлекеттік қызмет туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңдар, Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі қабылданды. Мемлекеттік қызметке қабылдаудың конкурстық жүйесі енгізілді. Мемлекетке тән емес қызметтердің жартысы бәсекелі ортаға берілді.
Ағымдағы жылы мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мен оның тиімділігін арттыру, мансапты жоспарлау мен бағалау жүйесін енгізу, «А» басқарушылық корпусын құру, сондай-ақ, кадр қызметтерінің рөлін көтеру, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу және уәждеме шараларын жетілдіру бойынша Мемлекеттік қызмет туралы заңға түзетулер қабылданды.
Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің негізгі кемшілігі оның көбінесе қызметтерді жеткізуші мүдделеріне бағытталатындығында. Нақтырақ айтқанда, тұтынушыға емес, шенеунікке. Осыған байланысты Мемлекет басшысы «мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарында біржақты-өктем көзқарастардан арылып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел түрде көрсетуге көшу» міндетін қойды. Бұл жерде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша мемлекеттік тетіктерді одан әрі жетілдіру ерекше маңызға ие болады. Соттар, прокуратура, адам құқықтары бойынша уәкіл институты және басқа мемлекеттік органдар заңдылықты қамтамасыз етудің тиімді құралына айналуы тиіс.
Мемлекеттік аппараттың бизнес-қоғамдастықпен өзара әрекеттестігінің жаңа жүйесін құру осы бағыттың негізгі аспектілері қатарында белгіленген. Шағын және орта бизнестің дамуы мемлекеттік саясаттың басты құрамдас бөліктерінің бірі десек, бизнеске әкімшілік ауыртпалықты төмендету мақсатында заңнамаға рұқсат беру жүйесін жеңілдету бойынша толықтырулар қабылданды. 1015 рұқсаттың 348-і жойылды.
Тәуелсіздік жылдары ішінде қалыптасқан заңнамалық база Қазақстанға толымды құқықтық мемлекет құруға мүмкіндік берді. Тәуелсіздік жылдары ішінде 2000-нан астам заң қабылданды. Қазақстан Конституциясы негізгі құқықтық құжат ретінде елдегі құқықтық реформа барысына, қазақстандық заңнаманың негізгі салаларының кодталуын қамтамасыз етуге тікелей ықпалын тигізді. Заңнамалық деңгейде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын құқық қорғау жүйесін реформалау және соттар тәуелсіздігін нығайту арқылы қорғалуын одан әрі қамтамасыз ету мәселелері шешілді. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қамтамасыз етудің жаңа тетіктері енгізілуде, яғни медиация және сот актілерін жеке негізде орындау, қамауды соттық санкциялау, қылмыстық сот ісін жүргізуге алқабилер институты енгізілді. Жыл сайын соттардың мамандануы тереңдеуде. Сөз жоқ, ұлттық заңнаманы адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары саласындағы халықаралық құқықтық актілерге сәйкестендіруге де маңызды орын берілген.
Жақын арада Парламентке Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық атқару кодекстерінің және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің жобалары енгізілетін болады. Олардың сапалы түрде қабылдануы қылмыстық сот ісін жүргізуді реформалауды қамтамасыз етеді.
Тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік қағидаты жөнінде. «Нөлдік төзімділік» әдісі елеусіз құқық бұзушылықтар үшін де қатаң жазаларды көздейді. Осылайша, мемлекет кез келген тәртіпсіздіктерді бұлтартпауға бел байлағанын көрсетеді. Президент жариялаған бұл қағидат қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және қылмыстылықпен күресудегі маңызды қадамға айналады. Алайда, әрбір қазақстандық тіпті ең кішігірім құқық бұзушылықтарға жол беріп, оған көз жұмуға болмайтынын ұғыну керек.
Жемқорлықты өмірдің әртүрлі салаларында туындататын және мемлекеттік қызметшіні жемқорлық әрекеттерін жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды барынша азайту жөніндегі жүйелі шараларды іске асыруды көздейтін жаңа жемқорлыққа қарсы саясатқа айрықша маңыздылық берілуде. ТМД елдері ішінде Қазақстан жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңнамалық негізі мен жүйесін әзірлеуде жетекші орын алып отыр. Осы саладағы құқықтық база мемлекеттің жемқорлыққа қарсы күреске бірізді және кешенді сипат беруді көздейтінін көрсетеді.
Алдағы уақытта мемлекеттілікті нығайту және демократиялық үдерістерді дамытуда құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің реформалануына елеулі орын берілетін болады. Соңғы жылдары елде қылмыстық қол сұғушылықтардан азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды нығайту, қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені іске асырылды. Заңнамалық негіз жасалды – бұл «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы», «Әділет органдары туралы», «Терроризммен күрес туралы», «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» заңдар және басқалары. Барлық күш құрылымдарының қызметкерлерін өз ауқымы бойынша теңдесі жоқ аттестаттау өткізілді. Келесі жылы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін ақшалай қаражат және зейнетақымен қамсыздандыру өседі. Құқықтық база жетілдірілуде.
Тек соңғы 10 жылда Қылмыстық, Әкімшілік, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қылмыстық жазалар және қылмыстық атқару жүйесін одан әрі жетілдіру, азаматтарды ұстау, өлім жазасы негіздері мен тәртібін бекіту, есірткінің заңсыз айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту, әскери қызметкерлердің жауапкершілігін күшейту мәселелері бойынша заңнамалық актілерге елеулі түзетулер қабылданды, олар құқық қорғау органдары жұмысының нысандары мен әдістерін өзгертуге бағытталған. 2011 жылы Құқық қорғау қызметі туралы заң қабылданды, Ішкі істер органдары туралы жаңа заң Парламентте 2013 жылы қаралатын болады.
Бұл жерде шекара қызметін реформалау мақсатында Парламент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» жаңа Заң қабылдағанын атап өту қажет. Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы» Заң күшін жоюға қойылғанын еске сала кетейін. Қабылданған заңға сәйкес Шекара қызметінің командалық құрамын кезектен тыс аттестаттау өткізілетін болады.
«Қазақстан-2050» Стратегиясының ауқымды міндеттерін іске асыру заңнамалық сүйемелдеуді қажет етеді, сондықтан, Парламент Үкіметпен бірлесе отырып оң еуропалық тәжірибені пайдаланумен бірге, институттық-құқықтық базаны жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыратын болады. Осыған байланысты халықтық өкілдік институты және қоғам мен мемлекеттің аса маңызды билік-басқарушылық құрылымы болып табылатын Парламентке Мемлекет басшысы Жолдауда алға қойылған жоғары мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі ерекше жауапкершілік жүктеген.
Серік АҚЫЛБАЙ,
Парламент Сенатының Конституциялық
заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау
органдары комитетінің төрағасы.