Аймақтар • 07 Тамыз, 2019

Егінге орақ салынады

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімдігінің аппарат мәжілісінде күзгі егін жинауға дайындық мәселелері талқыланды. Жиында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. Сейілбек Нұрымбетов күзгі егін жинауға дайындық барысы туралы баяндады.

 

Егінге орақ салынады

«Биыл облыс бойынша 183,9 мың га ауыл шаруашылығы дақылдары агротехникалық шараларын сақтай отырып, оңтайлы мерзімінде орналасты. Оның ішінде дәндi дақылдар 96,9 мың га, майлы дақылдар 7 мың га, мал азықтық дақылдар 62,7 мың га, картоп, көкөнiс, бақша 17,2 мың га. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 87,3 мың га. Ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылмен салыстырғанда 6,6 мың га артық егіліп отыр», деді С.Нұрымбетов.

Бүгінгі күні 69,0 мың га күріш гербицидтермен, 66,9 мың га тыңайтқыштармен өңделді. Сонымен қатар, 1,3 мың га алқапта дәнді дақылдарды жинау жұмыстары толық аяқталды.

Аймақтың ауыл шаруашылығы құрылымдары күзгі егін жинау жұмыстарына дайындықты бастап кетті. Облыста алғашқы егінге орақ салу жұмыстары жекелеген шаруашылықтарда 20 тамыздан кейін, ал облыс бойынша 1 қыркүйектен бастау жоспарланып отыр.

 

Қызылорда облысы