Президент • 08 Тамыз, 2019

Президент «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады

534 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысына орталықтың ағымдағы жұмыс нәтижелері мен жетістіктері, алдағы даму мүмкіндіктері жөнінде мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады

Атап айтқанда, Ю.Пя Президентке жұмыс істеп тұрған орталықтың негізінде ірі ғылыми-зерттеу және білім беру мекемесін құру жоспары туралы айтты. Аталған жоба халықаралық серіктестермен бірлесе отырып жүзеге асырылады.

Қазақстан Президенті орталықтың дамуына ұдайы қолдау көрсететінін айтып, еліміздегі медициналық қызметтердің сапасын арттырып, қолжетімді ете түсудің өте маңызды екенін атап өтті.