06 Наурыз, 2013

Қазақстан мен Үндістан кәсіпкерлері жоғары технологиялық бірлескен өндіріс ашуы ықтимал

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Үндістан кәсіпкерлері жоғары технологиялық бірлескен өндіріс ашуы ықтимал

Сәрсенбі, 6 наурыз 2013 15:14

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ресми сапармен Үндістан республикасына барды, деп жазады Bnews.kz.
Е. Ыдырысов Үндістан вице-президенті – Парламент жоғарғы палатасының төрағасы Мохаммад Ансари мен өзінің әріптесі Салман Хуршидпен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқылады. Әңгімелесу кезінде Ауғанстанды қалпына келтіру бойынша жүзеге асырылған істер мен жаһандық қауіпсіздік мәселесіне баса мән берілді. Қазақстанның қол жеткізген табыстары да назардан қағыс қалған жоқ.
Қазақстан мен Үндістан арасындағы сауда айналымы өткен жылы 525 млн. долларды құраған. Жалпы, екі елдің қарым-қатынасы жоғары деңгейде. Бұл жолы екі тарап жоғары технологиялық бірлескен өндіріс ашуға уағдаласты.

Әмірхан Алмағанбетов.