Аймақтар • 09 Тамыз, 2019

Ақмолалықтардың көмегі ауқымды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арыс қаласындағы алапат барлық қазақстандықтардың иығына түскен салмақ екендігі даусыз. Бүгінде апат салдарын жоюға Ақмола облысы да ат салысуда.

Ақмолалықтардың көмегі ауқымды

Бүгінгі таңда қаланы қалпына келтіру жұмыстарына бар күш-мүмкіндігін жұмылдырған ақмолалық 300-ден астам құрылысшылар қарқынды еңбек етуде. 17-ші аумақ Ақмола облысы мен Қазығұрт ауданының еншісіне бекітілген. Бұл жерде 18 ірі құрылыс компаниясы жігерлі жұмыс істеуде. 300-ден астам  үйдің 205-і жөнделуде. 48 тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары толық аяқталып, 72 үйдің шатыры ауыстырылып жатыр.   

– Ақмолалық құрылысшылардың жұмысы өте тиянақты,– дейді Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Серік Нұрманов,– жеке сектордағы бес көпқабатты тұрғын үйдің жұмыстары 1 тамызға дейін толығымен аяқталды. Тұрғындар да құрылыс жұмыстарының сапасына дән разы.

Арыс қаласындағы Жеңіс көшесінің тұрғындары Әсіл Тәңірберген, Сәуле Тілеулиева Ақмола облыстық төтенше жағдайлар қызметінің өкілі Михаил Версин құрылысшылардың қажырлы еңбектеріне көңілдері толатынын жеткізуде. Жоспар бойынша жүйелі жұмыс істеп жатқан құрыш қолды құрылысшылар өздеріне бекітілген учаскедегі құрылыс жөндеу жұмысын мерзімінен бұрын орындаймыз деп құлшынып отыр.