12 Тамыз, 2019

«Абай еліне тағзым» форумы өтті

481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абайдың әндері шырқалып, күйлері тартылды, шығармаларынан үзінділер оқылды.

«Абай еліне тағзым» форумы өтті

 Ұлы Абайдың туған күні қарсаңында Өскемендегі С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бастамасымен Абай ауданы әкімдігінің қолдауымен «Абай еліне тағзым» атты форум өтті. 

ШҚО

 

Университеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, форумға оқу орнының ректоры Мұхтар Төлеген бастаған оқытушылар мен студенттер, жиыны 72 адам Өскеменнен арнайы келіпті. Шара барысында Абайдың әндері шырқалып, күйлері тартылды, шығармаларынан үзінділер оқылды.

шқо 1

Сондай-ақ, «ШҚО-ның қасиетті жерлерін зерттеудегі С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың үлесі» көрмесі, «Абай оқулары» өтіп, университетішілік «Абай оқулары» сайысының жеңімпаздары марапатталды.

шқо 2

 Абайтану саласына еңбегі сіңген бірқатар азаматтарға университеттің ғылыми кеңесі шешімімен «Абай» медалі тапсырылды. Ресми шаралардан соң Абай рухына, ата-бабалар аруағына құран бағышталып, 300-ге тарта адамға ас берілді. Абай, Шәкәрім мұражайларына саяхат жасалып, Абай елі, ұлы тұлғалары, Абай, Шәкәрім, Мұхтар мұрасына қатысты тағылымды әңгімелер айтылды. 

шқо 3

«Форумның мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Абай Құнанбаев есімін ұлықтау, ұлылар өлкесіне тағзым ету, студент жастар арасында Абай мұрасын насихаттау. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ұжымының игі бастамасын басқа оқу орындары жалғастырып, «Абай еліне тағзым» киелі керуені Абайдың келер замандарға рухани  сапарын жалғастыра берсін!» дейді университет ректоры М.Төлеген.

Шығыс Қазақстан облысы