Павлодар облысында 23 жалған кәсіпорынның атынан құжат дайындаған қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті хабарлады.

Белгілі болғандай, әккі алаяқтар заңсыз әрекеттерін 2015 жылдан бері іске асырып келген. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде шілденің 27-сі күні Павлодар облысының екі тұрғыны жалған кәсіпорынның банк шотынан 7,5 млн теңге алып жатқан жерінен қолға түсті. Күдіктілердің тұрғылықты мекенжайы мен кеңселерін тінту барысында 9 200 АҚШ доллары, 20 млн теңгеден аса ақшалай қаражат, 14 заңды тұлғаның электронды-цифрлы қолтаңбасы, есеп құжаттары және кеңсе техникасы табылды.
«Заңды белшесінен басқан қылмыстық топтың әрекетінен мемлекетке 5 млрд теңге көлемінде салық түскен жоқ. Бұл сомаға шамамен 2-3 балабақша, мектеп және аурухана салуға болады», делінген құзырлы орган таратқан ақпаратта.
Қазір аталған топтың қатарына 30-дан астам адам тартылғаны мәлім болып отыр. Сот санкциясына сәйкес, олардың үшеуі қамауға алынып, тағы бір қылмыскерге халықаралық іздеу жарияланды.
«Қазгидромет» су тасқыны кезеңіне гидрологиялық болжам жасады
Ауа райы • Бүгін, 11:17
Ауа райы • Бүгін, 10:45
Сұлтан Зәуірбек Англиядағы жекпе-жегін нокаутпен жеңді
Спорт • Бүгін, 10:23
Мүфтият Жанат Бақыттың жазбаларына қатысты мәлімдеме жасады
Қоғам • Бүгін, 09:53
Бүгін Карина Ибрагимова финалда бақ сынайды
Спорт • Бүгін, 09:13
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатына кімдер сайланды?
Сайлау • Кеше
Ұқсас жаңалықтар