17 Сәуір, 2013

Таңдау жасауға толық мүмкіндік бар

253 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Таңдау жасауға толық мүмкіндік бар

Сәрсенбі, 17 сәуір 2013 2:11

Алдағы күндерде мемлекеттік қызмет­кер­лерді үлкен жауапкер­шілік күтіп тұр. Әрине, мұндағы өзгерістердің бәрі кадрдың қаді­рін, беделін көтеру, маманның бі­ліктілігі мен білімін арттырудан  туындағаны анық. Бірден ай­тайық, бұл реформа қомақты қаржыны қажет етпейді. Бұрын елімізде 3200 саяси қыз­меткер бар болса, осы реформадан кейін олардың саны 480-ге кемиді. Қаржының дені негізінен «А» корпусына жұмсалғалы отыр. Бұл корпустағылардың білім-білігіне қарай жалақысы бекітіледі.

Сәрсенбі, 17 сәуір 2013 2:11

Алдағы күндерде мемлекеттік қызмет­кер­лерді үлкен жауапкер­шілік күтіп тұр. Әрине, мұндағы өзгерістердің бәрі кадрдың қаді­рін, беделін көтеру, маманның бі­ліктілігі мен білімін арттырудан  туындағаны анық. Бірден ай­тайық, бұл реформа қомақты қаржыны қажет етпейді. Бұрын елімізде 3200 саяси қыз­меткер бар болса, осы реформадан кейін олардың саны 480-ге кемиді. Қаржының дені негізінен «А» корпусына жұмсалғалы отыр. Бұл корпустағылардың білім-білігіне қарай жалақысы бекітіледі.

Жалпы, ел кез келген реформадан тың өзгерістер, ең бастысы – жоғары сапа күтеді. «Мемлекеттік қызмет саласындағы мұндай өзгерістерді жасаудан бұрын, реформаның жобасы жан-жақты талқыланды. Меніңше, бұл реформа Елбасымыз айтқандай, мемлекеттік қызметкерді халыққа жақындата түседі деп ойлаймын. Сапалы қызмет көрсетуге үйре­те­тін болады. Яғни, реформаның аясында мем­лекеттік қызметкерді қызметтен қысқарту мә­селесі туындамайды», дейді Мемлекеттік қыз­мет істері жөніндегі агенттіктің Оңтүстік Қазақ­стан облысы бойынша басқармасының бастығы Берік Бекжанов.
Өткен апта соңында  «Мемле­кеттік қызмет туралы» Заңға ен­гізілген өзгерістер мен толық­ты­рулар жөнінде Оңтүстік Қа­зақ­стан облысы мемлекеттік органдарының мемлекеттік әкім­шілік қызметшілерімен семинар-кеңес өтіп, жаңа реформаның мән-жайы кеңінен әңгіме болды. Үміткерлер мемлекеттік қыз­метке, корпустан корпусқа тест жүйесі арқылы сынақ тапсырып, конкурстық негізде қабылданады. «А» корпусына конкурсқа қатысқандар өтпей қалған жағдайда жұмыстан босап қалады деуге негіз жоқ. Оның «Б» корпусына өтуіне құқы бар.
Сонымен, алдағы 2-3 айдың көлемінде аудан-қала әкімдерінің арасында үлкен кадрлық ауыс-түйіс басталады. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларға енгізілген өзгерістерге сәйкес сая­си қызметкерлердің саны азайып, басқарудың «А» және «Б» корпусы деп аталатын жаңа жүйе енгізілді. Аудан, қала әкімдері осы «А» корпусына кірген. Ал бұл корпус қайта іріктеліп жатыр. Бірінші жартыжылдыққа дейін аталған корпустың кадр резерві толығымен жасақталып шығады.
Жаңа заң күшіне енген 26 нау­рыздан бастап аудан-қала әкім­дері облыс әкімімен арадағы жа­салған келісімшартқа сәй­кес өз қызметтерін уақытша ат­қа­рып отыр. Күні ертең қатаң сұ­рыптаудан кейін олардың қаншасы қызметін сақтап қалады, қаншасы қызметімен қоштасады? Бұл, әрине, алдағы күннің еншісіндегі мәселе. Өздеріңізге белгілі, шілде-тамызда ауыл әкімдерінің барлығы қайта сайланады. Аудан-қала әкімдері қайта жасақталып жатыр. Яғни, биылғы жаз әкімдер үшін үлкен сынақ болайын деп тұр.
Алдымен жаңа заңға сәйкес сая­си мемлекеттік қызметкерлердің реформаға сәйкес саяси қызмет­кер­лердің жауапкершілігі кү­шейтілді. Жалпы, Оңтүстік Қазақ­стан облысында «А» корпусына кі­ретін бас-аяғы 24 шенеунік бар екен. «Б» корпусына бұдан тө­мен тұрған шенеуніктер, оның ішінде облыстық басқарманың бастықтары кіреді. Аудан-қала әкімі енді алдымен тесттің бәрінен сүрінбей өтіп, облыстан құрылған өңірлік, бұдан кейін Астанадағы Қазақстан Республикасы Прези­ден­ті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссиядан әңгіме­ле­суден өтеді. Құжаттар 3 ақпаннан бастап қабыл­данып жатыр. Корпусты толықтай жасақ­тау шілдеге дейін жалғасады. Осының бәрі­нен сәтті өткен үміткер «А» корпусының резервіне алынады.
Бұл шара былтыр құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тапсырған аттестациясына ұқсағанымен, кадрды қызметке тағайындауда үлкен өзгешелік бар. Аудан, қала әкімдерін қызметке тағайындау облыс әкімінің құзырында екені белгілі. Алдын ала айтылып жүрген әңгімелерге қарағанда, мұның өзін де облыс әкімі жалғыз отырып шеше салмайды. Бұрынғыдай бір бұйрықпен әкім тағайындау дәуірі енді келмес­ке кетті. Кадр резервінен ең үздікті таңдап алу үшін арнайы конкурстық комиссия жұмыс істейді.
Ал кадр резервінде жүздеген адам тұр. Дерек­терге қарағанда, рес­публика бой­ын­ша кадр ре­зер­віне 800-ге жуық маман жа­сақталатын көрінеді. Яғни, кадр тағай­ын­дауда таңдауға, талғам жасауға толық мүм­кіндік бар деген сөз.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.