Аймақтар • 13 Тамыз, 2019

Көне шаһардың көрікті жерлерін тамашалады

605 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республика­сының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­т­ың­ «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасының аясында және Жастар жылына орай «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі Тараз қаласында сая­хат ұйымдастырды.

Көне шаһардың көрікті жерлерін тамашалады

«Туған елге саяхат» атты жобаға Ресей, Қытай, Моң­ғолия, Қырғызстан мем­лекеттерінен келген қандастарымыз бен елі­міздің әрбір аймағынан ба­лалар қатысты. Тараз топырағына келген экс­кур­сиялық тур екі жүз­ден астам оқушыдан құ­ралған. Аталған топ «Көне Тараз» кешенінде ұйым­дастырылған іс-шараға белсене қатысып, «Көне Тараз» ашық аспан ас­тындағы саябағында Та­­­­раз топырағынан та­был­­­ған құнды да тари­хи жә­ді­герлерден құрал­ған «Кө­ненің көзі – Тараз­дың­ өзі» атты архео­ло­гия­лық көрмені тамашалады. Соны­мен қатар, жеткіншек туристер «Қа­зақ­тың ұлттық тағамы» ат­ты балаларға ар­нал­ған дас­тарқаннан дәм тат­ты.

Жалпы, жас турис­тер үшін көне шаһардың көрікті жерлеріне саяхат қызықты өтті. Саяхат ба­рысында балаларға «Ежелгі Тараз – көпестер қа­ласы» атты тақырыпта викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген оқушылар мен тәрбиешілерге түр­лі кәдесыйлар мен атал­ған қорық-музейдің бас­­па өнімдері табыс етіл­ді. Бұдан кейін балалар Тараз қаласында орна­ласқан Қарахан кесенесі мен «Төрткүл» керуен-сарай кешенімен танысты. Экскурсия барысында кейбір оқушылар көне шаһарға алғаш рет келіп тұрғанын айтып, алған әсерлерімен де бө­лісті. Мәселен, Гәкку Та­ңат есімді оқушы екі мың жылдық тарихы бар Тараз топырағына тұң­ғыш рет келіпті. Бұрын тек көне шаһар туралы кітап­тардан оқып, теледидардан көргенін айтқан жеткіншек келешекте де Тараз қаласына ата-анасымен және туыстарымен саяхаттап келгісі келетінін айтты.

 

Жамбыл облысы