Аймақтар • 13 Тамыз, 2019

Өңірде туризмге өріс кең

257 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жобасы қолға алынғаннан бері туристік индустрияны дамыту ісі жаңа серпін алды. Бұған қоса, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 6 қыркүйегінде Қарағанды облысына жасаған сапары барысында өңірдің өсу нүктелерінде және бірінші кезекте 10 туристік нысанның картасына енген Балқаш аймағында ірі халықаралық іс-шараларды жеке капиталды тарта отырып өткізуді және өңірдің туристік мүмкіндіктерін жақсарту бойынша шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

Өңірде туризмге өріс кең

 Осы тапсырманың қорытын­дысы бойынша маусым айында екі ірі іс-шара – Балқаш айма­ғын­дағы курорттық аймақ нысандары бойынша ақпараттық тур және «Balkhash Tourism-2019» халықаралық туристік форумы өткізілді. Іс-шара үлкен назарға ие болды. Оның жұмысына іш­кі және көшпелі туризмді дамы­туға маманданған респуб­лика өңір­лерінен және шетелдерден, соның ішінде Ресей Феде­рация­сынан, Өзбекстаннан, Моң­ғолиядан және Гонконгтен 80-ге жуық туроператор қатысты.

Гонконгтың атынан туристік салада мамандар даярлайтын­ Гонконг политехникалық уни­вер­­ситеті менеджмент және туризм мектебінің оқу бөлімінің жетекшісі Тифани Ченг келгенін атап өту керек. Университет Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-мен ынтымақтастық орнатты, оның аясында екі апта бойы (7-20 маусым) Ақтоғай ауданында 29 студент екі оқытушының басшылығымен Қарағанды облысында экологиялық туризмді дамыту бойынша іс-тәжірибеден өтті. Осы уақыт ішінде олар Ша­банбай би ауылындағы қонақ үйлерде тұрды.

Инфотур бағдарламасы өте мазмұнды болды. Ол Балқаш көліндегі теплоходта Бектауата шатқалы бойынша таныстыру экскурсиясын, кемелер шеруі, әуе жыландары фестивалі, ұлттық тағамдар фестивалі, йога бо­йынша шеберлік сыныбы, ұлттық стильдегі фотосессияны және т.б. қамтыды. Сонымен қатар қаты­сушыларға Балқаш және Приозерск қалалары, Ақтоғай ауда­нының Шұбартүбек және Тораңғалық кенттері кіретін «При­­балхаш» курорттық айма­ғының демалыс орындары мен үйлерімен танысуға мүмкіндік берілді.

Халықаралық туристік фо­рум­ға қызмет көрсету саласын­дағы 250 кәсіпкер, отельерлер, әлеуетті инвесторлар, құ­­­­ры­лыс компаниялары мен туро­­ператорлар қатысты. VIP-қонақтардың қатарында Ресей Федерациясы елшісінің орынбасары Александр Андреевич Мусиенко, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы төрағасының кеңесшісі Еркебулан Хасенов, «McKinsey&Company» ха­лық­аралық консалтинг компания­сының, қазақстандық қонақ үй­лер мен мейрамханалар қауым­дастығының, «Атамекен» ұлт­тық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және ҚарМУ-дың проректоры болды.

Пленарлық отырыс­та қаты­сушылар 2019-2025 жыл­дарға арналған туристік саланы да­мытудың мемлекеттік бағдар­ламасымен және Балқаш ку­рорт­тық аймағын дамытудың мастер-жоспарымен танысты. Әлеуетті инвесторлар Бал­қаш жағалауындағы бос жер учас­­­келерінің бар-жоғы және «қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы – 2020» және «Еңбек» бағ­дарламалары бойынша мем­лекеттік қолдау шаралары туралы толық ақпарат алды.

Форум нәтижесінде туроператорлар мен демалыс орындары арасында шамамен 20 коммерциялық келісімшарт жа­салды. Осылайша, Түмен және Омбы компаниялары Қа­ра­ғандының «Павлин-Тур» туроператоры арқылы сегіз туристік нысанмен ынтымақтасуға ниет танытты.

Егер «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы туралы айтатын болсақ, онда Қа­рағанды облысының Ұлытау ауданына ерекше қызығушылық танытылады. Тұңғыш Президент өзінің «Рухани жағыру» бағдар­ламалық мақаласында әрбір халықтың, әрбір өркениеттің осы халықтың әрбір өкіліне бел­гілі жалпыұлттық сипатқа ие қа­сиетті орындары бар екенін атап өтті. Ұлытау ежелден ұлы қазақ даласының киелі қазынасы болып саналады.

«Біз тарихымызда осынау көр­кем, рухани, қастерлі жерле­ріміздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз.

Мәселе еліміздегі ескерт­кіш­­терді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ.

Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді.

Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлттық біре­гейлігінің мызғымас негізін құ­рай­ды», деп атап өтті Н.Назар­баев.

Ұлытау өңірі туристификация картасының ТОП-50 ны­сандарының қатарына енді. Ол тарихи-мәдени, зияраттық, экологиялық және этнотуризмді дамыту үшін үлкен әлеуетке ие. Ұлытауда 600 түрлі ескерт­кіш бар. Олардың ішінде ең­ танымал және киелілері: Жо­шы хан кесенесі – атақты Шың­ғысханның үлкен ұлы, Қазақ хан­дығының құрылуымен байланыс­ты тарихтың ұлы оқиғаларының куәсі болған «Хан Ордасы» та­рихи орны, ежелгі жартас өне­рінің қызықты және қастерлі жау­һарларын және басқа да тарихи-мәдени және киелі орындарды сипаттайтын Теректі әулие, Тамды петроглифтері.

Туризмді дамыту үшін рес­пуб­ликалық бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 546 млн теңгеге Визит-орталығының құ­рылысы кіретін іс-шаралар жос­пары әзірленді. Мұнда келу­шілер көрікті жерлер туралы ақ­паратты, туристік бағыттар мен мұражай бойынша экскурсияларды ұйымдастыруды қоса алғанда, толық қызмет кешенін ала алады.

Көлік логистикасы мәселесі шешілуде. Қасиетті нысандарға оңай жету үшін ұзындығы 233 шақырым болатын Қарағанды-Жез­қазған-Ұлытау автожолы жөн­деуден өткізілді. Өткен жылы Ала­ша хан, Жошы хан және Домбауыл кесенелеріне апаратын 35 шақырым жолға жалпы сомасы 695 млн теңгеге жөндеу жүргізілді. Ағымдағы жылы «Хан Ордасы» және «Алтын Шоқы» тарихи орындарына апаратын 20 шақырым автожолды жөндеу жоспарлануда. Қаржыландыру көлемі 803,6 млн теңгені құрайды.

Өткен жылы Ұлытау ауданына туристерді тарту үшін «Жезкиік» халықаралық музыкалық этно­фес­тивалі өткізілді, оның аясын­да Ұлытау киелі жерлеріне ту­ристік форум және туроператор­лар үшін ақпараттық тур өтті. Осы жылдың маусым айында мұнда «Көкмайса» атты халық­аралық этнофестиваль өткізілді, бағдарлама Ұлытау тауларына экскурсия, қолданбалы өнер бойынша шеберлік сыныптары, сондай-ақ ұлттық жарыстар мен конкурстарды қамтыды.

 

ҚАРАҒАНДЫ