Қазақстандық теннисші Зарина Диас АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан «Мастерс» сериясына енетін халықаралық турнирдің іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, негізгі кезеңге жолдама алды.

Western & Southern Open жарысының іріктеу финалында 25 жастағы отандасымыз жергілікті теннисші Джессика Пегуламен күш сынасып, үш сетке созылған бәсекеде Зарина Диас 6:7, 7:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Диас әлемдік рейтингте 80-орында болса, АҚШ аруы әлемнің 56-ракеткасы саналады.
Енді жерлесіміз турнирдің негізгі кезеңінде әлемнің экс-бірінші ракеткасы америкалық Серена Уильямспен екінші айналымның жолдамасын сарапқа салады. Уильямс қазіргі таңда WTA рейтингінде сегізінші сатыда тұр. Екі теннисші арасындағы кездесу бүгінге жоспарланған.
Қазақстанда қанша шетелдік көлік заңдастырылды?
Қоғам • Бүгін, 12:10
Қазақстандық атқыш қыз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Спорт • Бүгін, 11:58
28-30 наурызға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 11:43
Бибісара Асаубаева кешірім сұрады
Шахмат • Бүгін, 11:35
Бас мүфти TikTok-та қате уағыз айтатын имамдарға ескерту жасады
Дін • Бүгін, 11:22
Мемлекет басшысы Шавкат Рахмоновты қабылдады
Президент • Бүгін, 11:11
Ұқсас жаңалықтар