«Қазіргі уақытта Қарқаралы ауданында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай режімі жарияланған», деп растады ақпаратты облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.
Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, өртеніп жатқан аумақтың көлемі 500 гектарды құраған.
Орман өртін сөндіруге төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық паркінің, Қу орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі шаруашылығының, өрт сөндіру ерікті құрылымдарының, жергілікті полиция қызметінің 169 қызметкері мен 27 техника бірлігі жұмылдырылған.
Сонымен қатар, өрт шарпыған аумақта «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің МИ-2 тікұшағы әуеден барлау жүргізуде. Сондай-ақ, оқиға орнында жоғарыдан су шашатын құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы іске кірісті, деп хабарлады облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.
Қарағанды облысы