Қаралған мәселелер ауқымы кең
Жұма, 17 мамыр 2013 2:08
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Португалия Республикасына алғашқы ресми сапары болып өтті, деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі.
Сапар аясында ҚР СІМ басшысы Португалия Президенті Анибал Каваку Силвомен, Ассамблея (Парламент) төрағасы Мария Эстевеш ханыммен, Сыртқы істер министрі Паулу Порташпен, сонымен қатар, Португалия жетекші бизнес құрылымдарының басшылығымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Елбасының Қазақстан сыртқы саясатын одан әрі экономияландыру бойынша тапсырмаларына орай, Е.Ыдырысовтың Лиссабондағы келіссөздері күн тәртібінің негізгі тақырыптары екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты белсенділендіруге бағытталды.
Атап айтқанда, тараптар Португалия бай тәжірибе жинақтаған және Қазақстанға қызығушылығы бар салалардағы, соның ішінде инфрақұрылым, көлік, фармацевтика, мемлекеттік-жеке әріптестік және т.б. салалардағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқыға салды. Сондай-ақ, Португалия тарапы Қазақстаннан жеке инвестиция тартуға қызығушылық танытты.
Сонымен қоса, португалиялық ресми тұлғалармен кездесулер шеңберінде Қазақстан-Португалия қарым-қатынасының құқықтық базасын құрайтын негізгі құжаттарды қарастыру барысы мен қол қою мүмкіндігі талқыға салынды, олардың арасында экономикалық ынтымақтастық жөнінде, туризм жөнінде, қосарланған салық салудың алдын алу жөнінде және басқа да келісімдер бар. Тараптар үкіметаралық сауда комиссиясын құру мүмкіндігін қарастыру туралы келісімге қол жеткізді, оның негізгі жұмысы ынтымақтастықты одан әрі белсенділендіруді қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Лиссобонға сапары барысында Е.Ыдырысов ЭКСПО-98 объектілерінде болды. Ол объектілер халықаралық көрмені өткізген соң Португалия астанасының архитектуралық келбетінің ажырамас бөлігіне айналды. Португалиялық ресми тұлғалардың пікірінше, халықаралық көрмені өткізу шараларын алдын ала жоспарлау ғана емес, сонымен қатар, көрме аяқталғаннан кейін павильондар мен басқа инфрақұрылымдардың пайдалануын жоспарлау да өте маңызды.
Португалиялық тарапы Қазақстан делегациясының Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін дайындау және өткізу аясында ынтымақтасу және тәжірибе алмасу ұсынысын үлкен қызығушылықпен қабыл алды.