Меморандумға қол қойылды
Жұма, 17 мамыр 2013 2:10
2013 жылғы 16 мамырда Кишинев қаласында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов пен Молдова Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Юрие Чокан Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен Молдова Республикасы Орталық сайлау комиссиясы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою екі елдің сайлау органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолындағы маңызды әрі уақтылы жасалған қадам болып табылады.
«Ынтымақтастық пен әріптестік форматын кеңейту азаматтардың конституциямен бекітілген сайлау және сайлану құқығын неғұрлым тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру, әртүрлі деңгейдегі сайлауларды ұйымдастыру, өткізу және құқықтық реттеу саласында Молдова мен Қазақстанның сайлау органдары жинақтаған тәжірибе ұлттық сайлау жүйелерін дамыту міндеттерін шешуге ықпалын тигізіп, жалпы демократиялық сайлау процесінің дамуына елеулі әсер етері сөзсіз», деп атап өтті өз сөзінде Қуандық Тұрғанқұлов.
Сондай-ақ тараптар бұл құжатқа қол қою сайлау процесі саласындағы Қазақстан-Молдова ынтымақтастығының дамуына жаңа серпін береді деген сенімдерін білдірді, өйткені, оның басты ерекшелігі екі елдің сайлау органдарының арасында тікелей байланыстарға көшу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы.