21 Мамыр, 2013

Толғандыратын мәселе көп

689 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Толғандыратын мәселе көп

Сейсенбі, 21 мамыр 2013 1:33

Осы аптада Шымкент қаласында Жастар саясаты жөнiндегi кеңестiң XV көшпелi отырысы өттi. Оған Прзидент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қа­зақ­стан Президентiнiң жанындағы Жастар саясаты жөнiндегi кеңестiң төрағасы Ғабидолла Әбдiрахымов қатысты.

Бүгiнде жас буынды толған­ды­ратын мәселелер жеткiлiктi. Оның ішінде, әсіресе, бұл жиында кәсiпкерлiктi жетiлдiру, «Жұ­мыспен қамту-2020» бағдар­ламаларындағы бағыттар бойынша түйткiлдi мәселелер ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды.

Көшпелi кеңеске қатысу­шы­лар 8 топқа бөлiнiп, М.Әуезов атын­да­ғы  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің аудитория­ларында республикалық жастар ұйымдарының тұсаукесерiне және бағыттар бойынша үнқатысу жиы­нына  қатысып, көркем сөз оқу шеберлерi мен «Жас дизай­нер» байқауын тамашалап,  жеңiмпаздарды марапаттады.

Қоғамның қозғаушы күшi саналатын бүгiнгi  буын өкiлдерi  үлкен армияны құрайды. Сон­дық­тан бұл шараның басты мақ­саты – өңiрлердегi жастардың тыныс-тiршiлiгiмен етене танысып, олардың жағдайына толық қанығу. Ашық пiкiрталас өткiзiп, толғандырған проблемалары мен өзектi мәселелерiн зерттеу. Жастардың бағалы ұсыныстарын жинақтап, қолда­ныс­тағы «Жас­тар саясаты туралы» заңға толық­тырулар мен iшiнара өзгерiстер енгiзуге ықпал ету.

Жиында оқу орнының студент­тiк ректоры  Абзал Мұратұлы Елбасы тапсырмасына сәйкес үш тұғырлы тiлдi үйрену үдерiсiнiң өзi оқитын жоғары оқу орнында қалай жүзеге асып жатқанын тiлге тиек етсе, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дiң докторанты Ғалымжан Сейiтжанов жас ғалымдарды тәуелсiз елдiң ғылым көкжиегiн кеңейте түсуге шақырды. Берiк Серiкұлы өңiрiмiзде «Жұмыспен қамту-2020» және «Қолжетiмдi баспана» бағдарламалары бойынша атқарылып жатқан игi iстерге  тоқталды. 2015 жылға дейiн бiрнеше көпқабатты үйлер салынып, 15 мың пәтер пайдалануға берiлмек. Мұнда жастардың үлес салмағы да аз болмайды.

Әрине, көшпелi отырыстың бас­ты назарындағы мәселе «жас­тар арасындағы кәсiпкерлiктi қалай дамытамыз?» деген­ сауалға жауап iздеу едi. Пре­зи­дент жанындағы Жастар сая­саты жөнiндегi кеңестiң ХV көш­пелi отырысында, сондай-ақ, өңiрiмiздегi жастардың өзге де проблемалары сөз болды. «Жас­ Отан» жастар қанатының 5 ай­мақтан келген 11 ұйым көш­басшылары атқарған iстерi мен болашақта тындыратын жұ­мыс­тары жайлы тәжiрибе алмасты.

Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.