Аймақтар • 15 Тамыз, 2019

Солтүстік Қазақстанда өзара ымыраласқан кәсіпкерлер әшкереленді

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Мелана СК» және «Куриный Рай» серіктестіктері өз өнімдеріне бағаны негізсіз көтеріп жіберген.

Солтүстік Қазақстанда өзара ымыраласқан кәсіпкерлер әшкереленді

Кәсіпкерлер тауық еті мен жұмыртқа бағасын  алдын ала келісу арқылы қымбаттатқан.  Орын алған оқиғаға байланысты табиғи монополияларды реттеу және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мамандары тексеру жүргізіп,  тұрғындардың  шағымы расталған.  Сот шешімі бойынша  монополиялық қызмет нәтижесінде түскен табыстар тәркіленіп, 350 АЕК көлемінде айыппұл төлеу міндеттелді. «Каз-Кур» ЖШС-не де қатысты  тергеу жүргізілді. Өйткені, үш субьект бір кеңседе орналасқандықтан,  өзара келісімге келіп, өнімдерін қымбатқа саудалаған.

«Аталған субьектілерге қатысты сыбайлас жемқорлық бойынша жаза қарастырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бірінші және екінші сот интанциялары бұл серіктестіктерге айыппұл салды.  Бүгінгі таңда сот тарапынан «Мелана СК» және «Куриный Рай» ЖШС нің монополиялық табысын тәркілеу бойынша сараптама жұмыстары жүргізілуде», дейді облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары Наталья Шаяхметова.

Солтүстік Қазақстан облысы