Ұйым мен серіктестіктің рөліне арналды
Сәрсенбі, 5 маусым 2013 2:05
БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесі, Дүниежүзілік өнер және ғылым академиясы, Женева қоры мен ҚР-ның БҰҰ Женева бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігінің ұйымдастыруымен Ұлттар сарайында «Жаңа парадигмаға қажеттілік – ХХІ ғасырдың мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлері» атты ірі халықаралық конференция өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
Сәрсенбі, 5 маусым 2013 2:05
БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесі, Дүниежүзілік өнер және ғылым академиясы, Женева қоры мен ҚР-ның БҰҰ Женева бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігінің ұйымдастыруымен Ұлттар сарайында «Жаңа парадигмаға қажеттілік – ХХІ ғасырдың мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлері» атты ірі халықаралық конференция өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
Басқосуға БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы баяндамашы ретінде шақырылды. Сонымен қатар, іс-шараға Дүниежүзілік еңбек ұйымы, Женева қауіпсіздік саясаты, Гуманитарлық диалог, Қарулы күштерді демократиялық басқару, Еуропалық ядролық зерттеулер орталықтары, Халықаралық жасыл крест, Халықаралық дағдарыс тобы, Дүниежүзілік шіркеулер кеңесі, Дүниежүзілік өнер және ғылым академиясы, Женева дипломатиялық клубы, Рим клубы, Женева университеті, Женева дипломатия және халықаралық зерттеулер мектебінің басшылары, сондай-ақ дипломатиялық миссиялардың, бірқатар іргелі халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық саясат проблемаларымен айналысатын беделді ғылыми-зерттеу институттарының жетекшілері атсалысты. Форумға Қазақстан Республикасының атынан еліміздің Женевадағы Тұрақты өкілі, елші Мұхтар Тілеуберді қатысты.
«Ғаламдық қауіптер мен мүмкіндіктер» панелінде Қ-Ж. Тоқаев «Жаңа әлемдік тәртіпке бейімделудегі БҰҰ мен серіктестіктің рөлі» тақырыбында баяндама жасап, қазіргі таңда дүние жүзінде болып жатқан маңызды оқиғалар, қалыптасқан жағдай мен олардың перспективаларына қатысты өзінің көзқарастарымен бөлісіп, БҰҰ мен халықаралық қоғамдастық мүшелерінің өзекті мәселелерді шешудегі қызметі мен рөліне кеңінен тоқталды.
Конференция спикерлері интерактивті талқылаулар барысында халықаралық қауіпсіздік пен әлем беттесіп отырған қауіп-қатерлер, дінаралық келісім мен тұрақты даму, мемлекеттердің өзара ықпалдастығы, оның ішінде сауда және экономика, ресурстар мен технологиялар, энергия мен экология, адам капиталы, білім беру, денсаулық сақтау мен жұмыспен қамту сияқты көптеген проблемаларды көтеріп, соңынан қызу талқылауларға жалғасты.