Аймақтар • 16 Тамыз, 2019

Арыс: «Nur Otan» тұрғындардан түскен арыз-шағымдардың оң шешілуіне ықпал етеді

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы филиалына Арыс қаласы тұрғындарынан 175 шағым түсіп, оның 126-ы оң шешімін тапқан. Ал 49 мәселе қаралуда. Партия филиалы Арыста орын алған төтенше жағдайға байланысты тұрғындардан түскен арыз-шағымдардың оң шешілуіне ықпал ететін болады.

Арыс: «Nur Otan» тұрғындардан түскен арыз-шағымдардың оң шешілуіне ықпал етеді

Бұл жөнінде Қоғамдық қабылдау бөлмесі өткізген мәжілісте партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев мәлімдеді.  Арыс қалалық мәслихатының хатшысы, мәслихат депутаттары, құрылысқа жауапты мекеме басшылары, партия белсенділері қатысқан мәжілісте қалпына келтіру жұмыстарының барысы облыс әкімі мен «Nur Otan» партиясының үнемі назарында екені айтылды. Бүгінде жарылыстан зардап шеккен қаланы қалпына келтіру кесте бойынша жүргізілуде. Бірақ бүгінгі таңда үй иелерінің келісім бермеуіне байланысты 53 баспанада құрылыс басталмаған. Бұл орайда Б. Тәжібаев тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, өтініштері ескерілетінін айтып өтті.

Мәжілістен соң партия белсенділері қаладағы 9, 12 сектор жұмысын бақылап, тұрғын үйлерді аралады. Айта кетелік, Арыс қаласында тұрғын үй саны – 8634. Төтенше жағдайдан кейін жөндеу жұмыстарын қажет ететіні - 7197, ал 433 баспана толық қалпына келтірілмек. Соның ішінде жаңадан 420 жеке тұрғын үй мен 3 көпқабатты үйді қайта соғу жұмыстары жүргізілуде.

 

Түркістан облысы