06 Маусым, 2013

Кездесулер тақырыбы сан қырлы

362 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кездесулер тақырыбы сан қырлы

Бейсенбі, 6 маусым 2013 1:46

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай бастаған делегация Парсы шығанағына жасаған жұмыс сапарының екінші күні Жидда қаласына (Сауд Арабиясы Корольдігі – САК) келіп, САК Сыртқы істер министрінің орынбасары ханзада Әбдел Әзиз бен Абдалла Әл Саудпен кездесті.

 

Бейсенбі, 6 маусым 2013 1:46

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай бастаған делегация Парсы шығанағына жасаған жұмыс сапарының екінші күні Жидда қаласына (Сауд Арабиясы Корольдігі – САК) келіп, САК Сыртқы істер министрінің орынбасары ханзада Әбдел Әзиз бен Абдалла Әл Саудпен кездесті.

Келіссөздер аясында Қа­зақ­стан Республикасының Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың САК Королі Абдалла бен Әбдел Әзиз Әл Саудқа жолдаған арнайы хатын тапсырды.

Тараптар елдер арасындағы түрлі салалар бойынша дамып келе жатқан ынтымақтастық дең­гейін оң бағалай отырып, алдағы қазан айында Эр-Рияд қаласында өтетін Сауда-экономикалық жә­не мәдени-гуманитарлық ын­ты­мақтастық жөніндегі үкімет­аралық комиссияның күн тәртібін белгіледі, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың басым бағыттары мен өзара ықпалдастықтың перспективалы салаларын талқылады.

Келіссөздердің басты та­қы­рып­тары ретінде сауд капита­лы­ның «Жасыл экономика» тұ­жы­рымдамасын жүзеге асы­ру мен Астанада өтетін ЭКСПО-2017 ха­лықаралық көр­месін ұйым­дастыруға бел­сенді атсалысу мәселелері қарастырылды.

Ханзада Әбдел Әзиз бен Аб­далла әл Сауд өз елінің екі­жақ­ты байланыстар қарқынын кү­шей­туге дайын екенін растады.

Сауд Арабиясына жасаған сапары аясында Қ.Сарыбай Ислам Даму банкінің (ИДБ) ви­це-президенті Б.Сидибемен кез­десті. Келіссөздер барысын­да Елбасының бастамаларын жү­зеге асыру жолдары, атап айт­қанда, штаб-пәтері Ас­та­на­да орналасатын Ислам Ын­ты­мақ­тастығы Ұйымының Азық-тү­лік қауіпсіздігі институтын құ­ру, ислам әлемі елдеріндегі кі­ші және орта бизнеске инсти­тут­тық қолдау көрсету бола­ша­ғы мен Қазақстанда ислам бан­кин­гін дамыту мәселелері тал­қы­ланды. Тараптар Ислам Да­му бан­кі­нің бірқатар аймақтық бағ­дар­ламаларының жүзеге асырылуы­на ерекше назар аударды, деп ха­барлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.