Аймақтар • 16 Тамыз, 2019

Көкшедегі жазғы лагердегі тағылымды кештер

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау қаласындағы емдеу және алдын-алу мекемелері мамандарының көшпелі бригадасы Бурабай ауданындағы «Звездный» және «Самрұқ» балалардың сауықтыру лагерлерінде болып қайтты.

Көкшедегі жазғы лагердегі тағылымды кештер

Сапар барысындағы шараға облыстық денсаулық орталығының және қалалық емхананың салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психологтары Наталья Молодовская мен Эльмира Приходько және Ақмола облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының социологы Нұрлыбек Қоныспаев қатысты.

 –Тренингтерге  8-12 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысады, сондықтан, олар үшін таза ауада белсенді, қозғалмалы, көңілді және қызықты ойындар ұйымдастырамыз. Осылайша олар алған білімдерін оңай игереді.

Дәрігерлердің айтуынша, биылғы жазда ЖИТС орталығының қызметкерлері басқа медициналық мекемелердің мамандарымен бірлесіп, сауалнама жүргізу және ақпараттық-білім беру материалдарын тарату және алдын-алу жұмыстарын жүргізу үшін қала сыртындағы балалар лагерлеріне үнемі барып отырған.  Жалпы, осындай танымдық кездесулер өңіріміздің басқа да жазғы лагерлерінде жүйелі өтіп тұрады. Ағымдағы жылы осындай  іс-шараларға барлығы  500-ден астам бала қатысты.