Аталмыш жобаның басты мақсаты өскелең ұрпақтың алдынан кең жол ашып, шетел тілдерін кеңінен насихаттау. Курста балалар тілдік дағдыларға өте қызығушылық танытып, тіл үйренуге ұмтылып отыр. Зейінді балалар бірнеше сабақтан соң тіл сындырып, негізгі сөйлемдерді айта алады.
Балалармен жұмыс істеу, олардың балаң қиялдарын ұштау өте қызғылықты. Оқытушы Айна Жұмабаева бала жанын баурайтын, қызықтыра білетін кәсіби тәсіл дайындады. Ол тәсіл сабақта оқыған сөздерге байланысты әртүрлі суреттер салу. Оқытушының ойынша, осындай тәсіл арқылы балалар тіл үйренуді тезірек игеретін болады. Оған қоса, балалар шетел тілдеріндегі әралуан әндерді тыңдайды. Ән тыңдау да балалардың қабылдау қабілетін жетілдіре түспек.