Спорт • 16 Тамыз, 2019

Тимур Құлыбаев қазақстандықтарды спорт күнімен құттықтады

576 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандықтар тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күнін атап өтеді. Бұл мереке 2003 жылы президент жарлығымен бекітілген.

Тимур Құлыбаев қазақстандықтарды спорт күнімен құттықтады

Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев қазақстандықтарды аталған мерекемен құттықтады. 

«Бұл тек қана спортшылар мен бапкерлердің емес, барлық белсенді жандардың, жанкүйерлер мен ел патриоттарының және салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың мерекесі.

Спорт – адалдық пен теңдіктің әлемі. Олимпиадашылар мен паралимпиадашылардан үлгі алған әрбір адам алдына мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолында еңбектенеді. Спорт әр құрлық пен түрлі ел тұрғындарын біріктіретін күш. Олардың арасында бір ту астына жиналған қазақстандықтар да бар. 

Бірнеше айдан соң біз ең ірі спорттық оқиға – Токиодағы Олимпиада ойындарының қатысушылары мен куәгерлері атанамыз. Жанкүйерлер өз командасына рух беріп, олимпиадашыларға қолдау көрсететініне сенімім мол. 

Сіздерге шын жүректен табыс және денсаулық тілеймін! Спорт күні құтты болсын! Отандық спорттың жетістігі арта берсін!».

Соңғы жаңалықтар

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Кеше

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Кеше

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Кеше