11 Маусым, 2013

Жаһанды алаңдатқан жастар саясаты

469 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жаһанды алаңдатқан жастар саясаты

Сейсенбі, 11 маусым 2013 2:11

Алматыда Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия парламентшілерінің жастар саясаты бойынша халықаралық конференциясы болып өтті.

Елімізде өткізіліп отырған парламент­ші­лердің ауқымды форумы мемлекеттер ара­сындағы саясаттың қалыптасқанын, парламентаризм рөлінің нығайып келе жатқанын айғақтайды. Сая­си-экономикалық және мәде­ни қатынастары бекіген кө­рші­лес, тағ­ды­р­лас елдер мен ха­лық­аралық ұйымдар бір­лесіп жас­тар мәселесінің шешімін із­деу­де парламентшілердің ты­ғыз ықпалдастығы мен бел­сенді үнқатысуы кез келген кедер­гілерді жойып, ортақ істе үлкен жетістіктерге жете­лейтіні белгілі.

Сейсенбі, 11 маусым 2013 2:11

Алматыда Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия парламентшілерінің жастар саясаты бойынша халықаралық конференциясы болып өтті.


Елімізде өткізіліп отырған парламент­ші­лердің ауқымды форумы мемлекеттер ара­сындағы саясаттың қалыптасқанын, парламентаризм рөлінің нығайып келе жатқанын айғақтайды. Сая­си-экономикалық және мәде­ни қатынастары бекіген кө­рші­лес, тағ­ды­р­лас елдер мен ха­лық­аралық ұйымдар бір­лесіп жас­тар мәселесінің шешімін із­деу­де парламентшілердің ты­ғыз ықпалдастығы мен бел­сенді үнқатысуы кез келген кедер­гілерді жойып, ортақ істе үлкен жетістіктерге жете­лейтіні белгілі.

Қазақстан Парламенті ұйым­­дастырған бұл басқосуға Жа­по­нияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Юзо Харада, БҰҰ Қоры өкіл­ді­гінің Орталық Азия тұр­ғын­­дары бойынша Аймақтық өкіл­дігінің директоры Николай Ботев, Халықтың қоныстануы мен дамуы жөніндегі Азия пар­ла­ментшілері форумының (ХҚДАПФ) Атқарушы директоры Рамон Сан Паскуаль, Австралия Парламентінің депутаты, ХҚДАПФ кеңес­шісі Джон Хайд, БҰҰ жанындағы Әйелдер кеңесінің Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша Аймақтық бағыттаушы-директоры Дамира Сартбаева секілді құрметті қонақтар қаты­сып, отырысты Қазақстан Пар­ламенті Мәжілісінің депутаты, ХҚДАПФ вице-спикері Айткүл Самақова жүргізіп отырды. Екі күнге созылған келелі кеңесте жоғарыда аталған мәртебелі қо­нақтармен қатар, Қазақстан Пар­ламенті Мәжілісі Төр­ағасының орынбасары Қабиболла Жақы­пов бастаған бірқатар депутаттар форумның ашылу салтанатын­да сөз сөйлеп, Білім және ғы­лым министрінің орынбасары Мұ­рат Әбенов жастар мәселесі тақырыбына баяндама жасады.
Еліміздің жастар саясаты мем­лекеттік ба­сымдықты арттыру шарасы ретінде жастардың өмірін табысты ету мақсатында әлеуметтік-экономикалық, ұйым­дастырушылық жағ­дай­ларды же­тілдіруге бағытталған. Жастар сая­­сатының басымдықтары Қа­зақ­стан Пре­зи­денті Нұрсұлтан На­зар­баевтың «Қазақ­стан-2050» Стратегиясының негізгі мақ­сат­тарының бірі болып табылады.
Статистика агенттігінің алдын ала жасаған деректері бойынша 2013 жылдың басында еліміздегі жастардың жалпы саны (14-29 жас аралығы) 4 656 647 адамды немесе жалпы халық санының 27,5 пайызын құрайды. Өңір бойынша жастардың ең көп шоғырланған жері Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласы.
Мемлекет басшысы Н.На­зар­баевтың тап­сыр­масымен «Жа­с­тар» ғылыми-зерттеу ор­та­лығы құрылып, нәтижесінде ел Үкі­ме­ті­нің қаулысымен «Қа­зақ­стан-2020: бола­шаққа жол» атты еліміздің мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданған. Осы орайда жастарды жұмысқа орналастыру және баспанамен қамту мақсатында «Жұмыспен қамту-2020», «Жасыл ел», «Дип­лом­мен – ауылға!», «Жастар прак­ти­касы» жобалары жүзеге асып жатыр.
Халықтың қоныстануы мен дамуы жө­нін­дегі Азия парла­мент­шілері фору­мы­ның жастар саясаты жөніндегі Алматы кез­десуінде Шығыс Еуропа мен Ор­­та­лық Азия жастарының мә­се­­лесімен қатар, Қазақстан жеріндегі жас ұрпақтың бүгінгі кездесіп отырған проблемалары да нақты сөз болды. «Каир бағдарламасын қолға алғалы қанша ілгеріледік және жастарға қатысты атқарылмаған қандай іс қалды?», «Орталық Азия жастарының болашағы қандай болғанын қалаймыз?», «2015 жылдан кейінгі жаңа дәуір дамуының болашағы қандай?» деген секілді сауалдарды алға тартып, осы сұрақтардың шешуін іздеген келелі кеңесте негізінен бүгінгі жас ұрпақтың денсаулығы, баспанасы мен білімі, жұмысқа қамтылуы секілді мәселелер терең қаузалды.
Алыс-жақын шет елдерден келген парламентшілер мен ха­лық­аралық ұйым өкілдері Қас­келең қаласында орналасқан С.Демирел атындағы білім ор­да­сында болып, жастармен кездесті. Білім ордасына шетел­дік қонақтарды бастап келген Парламент Мәжілісінің депутаттары елімізде 2008 жылдан бері Қазақстан Президенті жанында Жастар саясаты жөніндегі кеңес жұмыс жасайтынын, Ел­басы Үкіметке жастар бастама­сы қорын құруға тапсырма бе­ріп, барлық министрліктер мен әкімдіктерге, мекемелерге өздерінің стратегиялық жос­пар­ларына жастармен тығыз жұ­мыс істеу өлшемдерін енгізу ұсы­нылғанын жеткізді.
Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.
––––––––––––––––––––
Суретті түсірген
Айтжан МЫРЗАНОВ.